Home » Мақалалар » Маңғыстау- туған  мекенім!.

Маңғыстау- туған  мекенім!.

Жұмалиева Шолпан Ералықызы 
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы
Жыңғылды ауылындағы
 С.Нұрниязұлы  атындағы
мектеп-интернат
тәрбиешісі

Тақырыбы: Маңғыстау- туған  мекенім!.

Мақсаты:Маңғыстау өңірінің тарихы және ақын-жазушыларының еңбектерін айтып түсіндіру.Оқушылардың туған жерге сүйіспеншілігін,отаншылдық қасиетін дамыту.Оқушылар бойына жақсы  қасиеттер қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Маңғыстау өңірі туралы көрме,зиялы адамдар туралы буклеттер,ұлағатты сөздер,рефараттар.

Тәрбиеші:(Ашық тәрбие сағатының мақсатын таныстырып өтеді,қазылар алқасын  тағайындау)  Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар! Назарларыңызға 3а сыныбы дайындаған «Маңғыстау – туған мекенім!» атты ашық тәрбие сағатын ұсынамыз!

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.  Сол себепті, мен  «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады.

Рухани Жаңғыру туралы бейнебаян тамашалау

Тәрбие сағатын А.Оңайбайұлының әні мен бейнебаяны арқылы ашамыз.

1кезең. «Таныстыру» екі топ өзін-өзі таныстырады.(уақыты-3мин)

2кезең. «Мықты  болсаң,  тауып  көр».  «Жусан» және «Адыраспан» тобының топ басшылары шығып,қазылар алқасының алдынан 3 сұрақтан алады.Олар сұрақ тапқанша күй жібереді.

Сұрақтар:

  1. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? Маңғыстау деп неге аталған?
  2. Маңғыстау облысындағы қалаларды ата?
  3. Маңғыстау облысының құрамына кіретін бес ауданды ата?
  4. Маңғыстаудан шыққан батырларды ата?
  5. «Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндір.

  1. «Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз  еліңде ұлтан бол»  дегенді  қалай  түсінесің?

3 кезең: «Өлең — сөздің  патшасы, сөз  сарасы» Екі топтан екі оқушы шығып тақырыпқа байланысты маңғыстау  өңірінің  ақын-жазушыларының шығармаларынан өлең  оқиды.

Рза оңғарбай «Бекет  ата»

Рахат Қосбармақ «Маңғыстау  маржандары»

Мырзағали Айтмағанбет «Балалық дәурен»

Оңайгүл Тұржанова «Ақтау»

4 кезең: «Кім  жылдам»  Әрбір топ бір-бірінікін қайталамай,туған жерге байланысты мақал-мәтел айту.

5кезең: «Ой-толғау»   Екі топқа тақырып берілген сол бойынша өз білгендерін баяндайды.

«Жусан»тобы .Маңғыстау өңірінің мәдени ескерткіштері туралы,біреуіне нақтырақ тоқталып  өту.

«Адыраспан»тобы Маңғыстау өңірінің ақын –жазушылары мен қоғам қайраткерлері туралы баяндау,біреуіне тоқталып өту.

6 кезең: «Қортындылау»постор  қорғау. Маңғыстау өлкесі,туған  жеріміз  несімен көрікті,әдемі? Оқушылар  қорғап шығады.

Хормен «Ұшады  Маңғыстаудан  шағалалар»әні.

Қазылар алқасы әр кезеңнің бағасын беріп және қортындысын айтады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.