Қармақбай Асылбек Өсербекұлы
Нұр-Сұлтан қаласындағы
№ 59 мектеп лицейінің
биология пәні мұғалімі
«Желтоқсан» сөзі сыртқа еркін айтылғанымен әрбір қазақ халқы іштей үн қатады, жүрекке дамылсыз тынық судың діріліндей сыз береді. Өйткені бұл жылы, бұл күні бәрінен бағалы «Тәуелсіздік» ұлан ғайыр даламыз, қадір қасиетпен салт-дәстүріне берік қазақ халқымыз үшін ел еркіндігі желтоқсанның желімен, тоқсан бірдің жылымен Ұлы дала еркіндігіне иеленген күн.
Тәуелсіздік – ту, елтаңба, әнұранмен тұғырлы. Туды құрметтеу, қастерлеу жас баланы шыбықтай кезден-ақ ұлттық тәрбиеге, патриоттық намысқа, жерімізді қадірлеуді және шегараны шегендеп қорғау ел азаматтарының естен шығаруға болмайтын парызын ұғындыру. Көк ту – бүкіл ұлттың азаттығының белгісі. Көк туымыздың көк аспанда желбіреуі — бүгінгі күннің баға жетпес бақыты мен байлығы. «Туған жерге туыңды тік» — деген даналық сөзідің мәні осы есмес пе?!
Елтаңба – мемлекетіміздегі бірліктің белгісі болып саналады. Мемлекеттік елтаңбада бейнеленген әрбір белгінің өзіндік нышаны, бейнесі, болмысы мен біртұтастығы мемлекетіміздің жарқын айнасы. Кез келген мемлекеттің өзіндік елтаңбасы арқылы наным-сенімін, салт-дәстүрін, қандай ұлт екендігін пайымдай аламыз.
Тәуелсіз елдің өзіндік шырқалар Әнұраны – салтанатты әні болып саналады. Әнұранмен айбатты — өткен тарихымызды, бүгінгі өмірімізді, келешек арманымызды сипаттайды. Әрбір қазағымыз және ұлтымыз әнұранның сөзін еңбектеген баладан, еңкейген қарттарға дейін білуге міндетті. Кез келген салтанатты жиындар әнұранмен ашылады.Әнұранда жазылған өлең шумағының әрбір сөзі – адамға зор рухани әсер беретін күштің, халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны сипатталады. Әнұранды айтқанда өн бойынды шымырлатып, көзге еріксіз жас келеді, өйткені сан ғасырлар бойы азаттықты армандаған, ел қорғаған батыр да, дара да даналарымыздың бізге аманатын сезінеміз!
Еліміздің өркендеуі ел болашағының жарқын кемелденуі, жас ұрпақтың жарқын белестерге жетуі, бүгіні мен ертеңгі күннің іргетасын мықты қалайтын өз саласының үздік шебері болу әр азаматтың өзіндік мақсаты мен борышы. Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығында жаңа қарқынмен елдің үлкен белестерді және ауыртпашылықтарды бастан өткізіп келсе де кез-келген қиындықты мойымай нық қадам басып еліміз өркендеп жақсы қарқынмен өрлеп келеді. Тәуелсіздігіміз бәрінен де қымбат. Өйткені отыз жылдың он бес жылдығы елімізге үлкен қуаныш және мәртебе сыйлады. Сондықтан рәміздер — күллі тәуелсіз елдің айбары, мақтанышы және айдарына айналып, жыл сайын тойланып отыратындығы осыдан белгілі.
Шекарамыз нығайып, Әнұранмыз шырқалып, іргелес жатқан мемлекеттермен шекара қазығын нықтап шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Әлемдік аренаға экономика жағынан жедел қарқынды дамыды. Тәуелсіздіктің отыз жылдығы қарсаңында Елбасының стратегиясы еліміздің болашағына бағдар беріп, жандану үстіндеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елді дамыту үшін ерен еңбек етіп келеді. Білім өркениетіне іс-шаралар жүргізіп біздей жастарға үлкен мүмкіндіктер беріп, сенімдерін біз арқалап мақтан етеміз. Бірлігі мықты мемлекеттің, білімі де мықты болады.
Қазақ елінің, Қазақстанымның мәртебесі биік, өмірі ұзақ болып, мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет арта берсін!