Home » Мақалалар » Бұйра қошақан

Бұйра қошақан

Сарсенкулова Карлыгаш Нагимовна
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Бозой селосы
«Ертөстік» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жапсыру

Тақырыбы: «Бұйра қошақан»

Мақсаты: Төрт түлікпен таныстыру. Үй жануары қой туралы білімдерін кеңейту. Сулықты домалақтау арқылы қойдың жүнін жасау техникасын, қой мен қозының үй жануары екенін. Оларға қамқор болу керек екенін үйрету.

Көрнекілік: слайд, жануарлар суреті

Қостілдік құрам: Қозы-ягненок, Үй-жануары-домашнее животное.

Амандасу. Шаттық шеңбері.

Жарқырап  күнде ашылды,

Күн нұры түгел шашылды.

Қайырлы күн

Біз нәзік қыздармыз.

Қайырлы күн,

Біз ер жүрек ұлдармыз.

Қайырлы күн қонақтар,

Біз әдепті баламыз.

Қайырлы күн апайлар

Біз көңілді боламыз.

Жыл мезгілі

– Бір жылда неше мезгіл бар?

Қазір қай мезгіл?

– Қыс мезгілінде неше ай бар?

– Бір аптада неше күн бар?

Қыс туралы тақпақ

Сезім, Нұрай, Жаннұр.

Жұмбақ жасыру

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (қой )

Қойдың төлі қозы. Қой төрт түліктің бірі, үй жануарына жатады.

Қойдың жүнін иіріп, жіп жасап әжелеріміз тоқыма, шұлық тоқып береді.

Қошақан туралы тақпақ:

Нұрқат, Інжу, Еркеназ

Төрт-түлікке мына жануарлар жатады.

Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкі. Олардың сүті, еті, терісі жүні  пайдалы.

Бұлар үй жануарларына жатады.

Ойын: Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың ішінен төрт түлікті тауып,

төлін атап, дыбысын салу.

Балалар тіл ұстарту жаттығуын жасайық:

Ой – ой – ой

Қорада тұр қой,

Зы – зы – зы – зы

Моп-момақан қозы.

Слайд (қошақан)

Мына қошақанның терісінде жүні жоқ, балалар, көмек сұрап тұрған сияқты.

-Ал қазір қай мезгіл ?

– Қыс мезгілі

-Ауа-райы қандай?

– Салқын

Ендеше көмектесейік.

Балалар, қошақанымыз тоңып қалмас үшін, сулықтан  бұйра жүнін жасап берейік.

Сулықты үзіп алып, умаждап алақанға салу арқылы домалақтап,  желім жағып, шетінен бастап бір-біріне жақын орналастырамыз. Жұмысымыз аяқталған соң желімнің қақпағын жауып, қолымызды ылғал орамалмен сүртеміз.

Балалардың  жасаған жұмысынан көрме ұйымдастырып, мадақтау арқылы тақтаға ілу.

Сергіту

1.Қошақаны қойдың                                    2. Секең-секең ей лақ

Қайда қалып қойдың?                                  Жүрмін саған кейіп – ақ

Бұлтиып тұр бүйірің,                                    Тыным тапсаң болмай ма?

Қай өрістен тойдым?                                    Секірмей-ақ, кей уақыт.

Қошақан дыбыстайды (слайд)

Міне, балалар, қошақан сендерге рахмет айтып жатыр. Қошақанымыз тоңбайтын болды.

Қорытындылау:

– Балалар, біз қай жануарға көмек бердік?

– Қошақан жүнін неден жасадық?

– Қошақанның жүні қандай?

-Түсі қандай?

– Жүнінен нелер тоқимыз?

– Немен қоректенеді?

– Қозы қалай дыбыстайды?

– Балалар, қошақан үй жануары ма, жабайы жануары ма?

– Төрт-түлікке қандай жануарлар жатады?

– Олардың пайдасы қандай?

Балаларға сыйлық тарату арқылы мадақтау.

Келген қонақтар мен қоштасу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.