Home » Мақалалар » Ұялы телефон дос па, қас па  ?!

Ұялы телефон дос па, қас па  ?!

Турсынбек Ботагөз
 Нұр-Сұлатан қаласы
Ш. Құдайбердіұлы атындағы
№56 мектеп лицей ағылшын тілі мұғалімі

Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес жағдайға жеттік. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде соткасыз» үй жоқ. Қазіргі уақытта ұялы телефон балада да, жасөспірімде де, үлкендер мен қарттарда да бар. Өзіміздің мектебімізде де әр сыныптарда оны барлығы қолданады, себебі ол қазіргі заман талабы. Осы ұялы телефонның пайдасына көз жүгіртейік.

Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда адаммен хабарласа алады. Екіншіден, ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзіңізбен ұстай аласыз. Ұялы телефон, смартфон, планшет – айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын бұл гаджеттер бүгінде кез-келген жастың айрылмас серігіне айналды. Олар байланыс құралдары арқылы бір-бірімен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазысады. Суретке түсіп, интернет пен әлеуметтік желілердегі ақпараттармен сусындайды. Ойындар ойнап, фильм көріп, кітап оқып, сүйікті әуендерін тыңдайды. Ұялы телефон қазіргі адамдардың ажырамас бөлігіне айналды. Керек десеңіз бәз біреулердің жұмысы ұялы телефонсыз бітпейтіндей. Қысқа қайырғанда ұялы телефон айтарлықтай маңызға ие.

      Қазіргі таңда ұялы телефонды жас өспірімдерде белсенді түрде пайдалануда, осы орайды пайдаланып неге бізге телефонмен дос болмасқа. Себебі жас өспірімдер телефонсыз өз уақыттарын елестете де алмайды . Біз осыны ұялы телефонда әртүрлі парақшаларда отырмай, сабаққа керегін алатын ойын түріндегі бағдарламалар ойласақ, және соны іске асырсақ керемет болар еді. Ұялы телефонды тек қас деп санамай досымызға айналдыруға тырысу керек.

                                                                   

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.