Копабаева Асемгуль Сериковна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 72 «Жанарым» балабақшасының
тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Сиқырлы дыбыстар
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдері мен ептілігін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, буынға бөлу білімдерін тиянақтау.
Міндеттері: Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін, олардың сөздегі орнын анықтай алу қабілетін бекіту. Зейін, логикалық ойлау, қабылдау, танымдық қызығушылықты дамыту. Оқу үрдісіне қызығушығын және дұрыс отыруға тәрбиелеу.
Әдістемелік тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, ойын, жұмбақ шешу
Көрнекілік құралдар: түрлі түсті суреттер, текшелер, жолақтар, кеспе әріптер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау.
Оқу қызметінің барысы: Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. Тәрбиеші доп лақтыру арқылы сұрақ жауап алады.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар? Атап бер.
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері кандай? Ауа райы қандай?
- Бір аптада неше күн бар? Атап бер
- Бүгін аптаның қай күні?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс дегеніміз не? Қандай болып бөлінеді?
- Дыбыстан не құралады?
- Буыннан не құралады?
- Сөзден не құралады?
- Сөйлемнен не құралады?
Балалар орындарына отырады. Тәрбиеші назарларын қорапқа аударады. Үлкен күліп тұрған смайлик.
— Балалар, мынау жай смайлик емес, сиқырлы сияқты. Кәне ашайықшы. Ішінде жұмбақ жасырыныпты. Тақтаға А3 көлемді орман бейнесі бар сурет ілінеді, ол суретте жасырылған аңдар болады.
— Балалар, мына суретте жұмбақ жасырылған, кәне шешіп көрейік
Жұмбақтар
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян)
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп-кішкентай арадан
Үп-үлкен боп қорқады (Аю)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу (Түлкі)
Жасырылған аңдардың суреттері ашылады. Ал енді, осы қоян сөзін буынға бөлейік ҚО-ЯН (шапалақтап бөледі)
Дыбыстық талдау
Қо- ян (А-ю, Түл-кі). Неше буынға бөлінді? Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар. Барлығы қанша дыбыс. Қане, текшелермен жазайық. (бір бала тақтаға шығып жазады, қалған балалар орнында отырып белгілейді).
— Тамаша ал енді сөздік ойын ойнайық «Сөз ойла,т ез ойла». Мен сендерге бір дыбыс айтамын, ал сендер сол дыбысқа тез сөз тауып айту керек. А, Р, М, Е, Ж,Ш ……
— Балалар, қанекей, бәріміз бір серігіп алайық.
Сергіту сәті.
- Ал демалып алсақ, тақтаға қарандаршы. Әріптер адасып үйлерін таба алмай тұр, кім көмектескісі келеді?
Дидактикалық ойын «Адасқан әріптер». Дауысты және дауыссыз әріптерді маркермен көк және қызыл түсімен дұрыс үйіне дейін сызу. Балалар тақтаға шығып көрсетеді.
Дидактикалық ойын «Сөз құра». Әріптерден сөз құрайды, топтық жұмыс. Тәрбиеші әр топтың жұмысын тексеріп, қателіктерің түзетеді.
- Балалар, жарайсыңдар!!!
Оқу іс-әрекеті барысында алған білімдері сұрақ-жауап арқылы пысықталады.
Бүгінгі белсенді қатысқан балаларды атап өту. Смайлик қораптың ішінен жапсырма смайликтерді тарату.