Қазіргі кезде мектепішілік дебат технологиясын дамыту өзекті мәселе. Себебі, оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдындағы жауапкершілікті, шығармашыл, өз ойын ашық, өткір жеткізе алатын, сыни тұрғыда ойлау қабілетін қалыптастыру қажет.
Шымкент қаласы білім басқармасы А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 13 мамыр айында “оқушылар және студент жастардың дебаттық қозғалысы” жалпыұлттық мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім беру жобасының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Тәуелсіз елдің тұлғасы- жалпы білім беретін мектептердің оқушылармен өткен Еңбекші аудандық кезеңі өтті.
Аудандық кезеңде 34 пікір — сайысқа қатысушы: 26 — қазақ фракциясы, 8 – орыс фракциясы қатысты.
Дебаттық турнирдің қорытындысы бойынша жүзден жүйрік анықталды.
Қазақ лигасы бойынша I – орын С.Ерубаев атындағы №24 мектеп – лицейі. II – орын Н.Ондасынов атындағы №38 мектеп – гимназиясы. III – орынды Б.Момышұлы атындағы №44 мектеп және Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебі иеленді.
“Үздік оратор” номинациясымен М.Жұмабаев атындағы №39 мектептің 10 сынып оқушысы Әлімбай Әсем марапатталды.
“Дебаттық креатив” номинациясымен №94 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Аманжол Ұлжан марапатталды. Ал, орыс лигасы бойынша I – орын А.Макаренко атындағы №41 мектеп – лицейі, II – орынды Қазыбек би атындағы №36 ЖОББМ, III – орынды Ж.Аймауытов атындағы №46 мектеп – лицейі және Ш.Уәлиханов атындағы №43 жалпы орта мектебі иеленді.
“Үздік оратор” номинациясымен №38 мектеп — гимназиясының 10 сынып оқушысы Базарбаева Дана марапатталды.“Дебаттық креатив” номинациясымен №12 ЖОББМ 9 – сынып оқушысы Лашин Алмаз марапатталды.
Шымкент қаласы білім беру басқармасы А.Макаренко атындағы №41 мектеп – лицейі, Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі , А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп – гимназиясы, №88 жалпы орта мектебі, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы дебат қозғалысы бойынша алдыңғы қатарда келеді. РҚББООӘО қолдауымен “Тұран” университеті мен “Your vision” ЖШС бірлесе ұйымдастырылған 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында ағымдағы жылы 14-16 мамыр күндері ағылшын тілінде өткізілген республикалық дебат турнирге білім басқармасына қарасты №1, №41, №107, №3, №47 білім беру мекемелерінің командалары қатысып, ¼ жартылай финалынан “QUARTER FINALIST” №41 мектеп – лицейінің командасының жеңімпаздары және үздік спикерлер дипломдармен, кубокпен, медальдармен және сыйлық, сертификаттармен, ал мұғалімдер оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Шымкент қаласы білім басқармасына
қарасты 41 мектеп — лицейінің әдістеме
ісі жөніндегі орынбасары
Динара Усенқызы Сейтқазы