Қатарынан екі жыл мақаламызға арқау болған Нұр-Сұлтан қаласындағы Бектаева Әмина Амантайқызы басқаратын №52 «Еркетай» балабақшасының ұжымымен тағы да жүздестік. «Шаңырақ шайқалмас үшін уығы мықты болуы керек» қазақтың биік шаңырағына уық болар тілі мен діні түзу саналы ұл мен қыз тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келе жатырсыздар деп алғысымызды білдіргенбіз….
Биылғы наурыздың 17 жұлдызына жоспарланған қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған семинар –практикумына куә болып елдің еңсесін түсірген карантиннің сақтық шараларымен қоса тыңнан түрен салған тағы бір жақсы бастамасына бас идік.
Ұлттық рухты бала бойына сіңіру жолында баланы өз тілінде еркін сөйлеуге, ұлттық ойындарды ойнай жүріп құндылықтарымызды бойына сіңіруде ұжым оқ бойы озық келеді. 2019 жылы «Ұлттық ойын- рухани құндылықтарымыз» деген тақырыпта ата-ана, балабаша, бала арасындағы байланысты ұлттық ойынымыз асықтың сан түрінен сайыс ретінде ұйымдастырып баршаны таңқалдырған еді. Ептілікпен жылдамдыққа мергендікпен мықтылықта бақ сынаған отбасылардың жүзіндегі күлкі, балалардың қуанышы мен көрерменнің алған әсері күні бүгінге дейін есімізде.
2020 жылы «Ұрпақ болашағы елімнің құндылығы» тақырбымен қазақтың салт-дәстүрін тамаша көрсеткен еді. Әжелерімен бірге қой қырқып, киіз басып, жүн түткен, сабауы мен ши бояуды, кішкентай бүлдіршіндердің қолынан шыққан текеметті көріп тамсанған едік…
Ұлттық ойынға жаңадан леп қосуға келгенге алдына жан салмайтын ұжымның өздері құрастырып арнайы жасатқан үстел теннисіне тізілген асықтарды дәлдеп атқан мергендерді де осы балабақшадан кездестірдік.
Иә, әр істің басын шалмай өз бағытынан таймай жанымызға жақын дүниелерден жан- жақты ізденіспен заман талабына сай білім, білікті көрсетіп отырғанына шын қуанасың.
Биылғы семинардың мақсаты да асық ойыны, асық терапиясын кеңінен көрсету. Баланың шапшаңдығын, мергендігін, топтық ойын барысында белсенділігін, сенсорикалық дамуын, логикалық ойлауын ептілігін замануи үлгіде асық терапиясын қолдану арқылы көрсетуді мақсат еткен.
Балабақша педагог-психологы Калыкова Сара Кошкыловна асықтан шеберлік сыныбын өтті. «Әріптермен сандар», «Түсіне қарай жина», «Көңілді смайлик», «Асықты модуль», «Мәреге жет», «Кім жылдам» , «Дойбы», «Санамақ» ойын түрлерін көрсетіп білім саласында асық терапиясын қолданудың мүмкіндігін көрсетті.
Балабақша баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу мен қатар ата-анасындай қамқорлыққа алатын жылы ұя. Мейіріммен қатар тұлға ретінде қалыптасуына алғашқы білім мен білік дағдыларын қалыптастыратын білім ордасы. Дәл осы тұста білімді ойын түрінде ұйымдастыра білу баланың сабаққа көңіл аударуына таптырмас құрал. Осыны тиімді пайдалана білген ұжым «Коммуникация», «Таным», « Шығармашылық», «Денсаулық» білім беру саласын толық қамтыды. Сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметін №8 «Балдәурен» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Бегасилова Ұлдана « Түрлі түсті бояулар» тақырыбымен асықтарды пайдалана отырып компьютердің көмегімен табиғи құбылыстарды салып көрсетті. Дәстүрден тыс жерде отырып кемпірқосақ суретін салды.
Сауат ашу ұйымдастырылған оқу қызметінде №7 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Исаева Асем «Сауат ашу білім бастауы» тақырыбында асықтар көмегімен дыбыс ажырату, буынға бөлу, сөздерді оқуды көрсетті.
Спорт залға жиналған көрерменге тәрбиеші Қамбарова Айгүл, дене шынықтыру жетекшілері Жетпіспекұлы Самат. Бейсенбембеков Медет «Спорттық ойындарды асықпен байланыстыру» тақырыбында үстел үсті ойындарынан сайыс көрсетті.
«Көңілді математика» тақырыбында Токаева Нүргүл №13 «Еркетай» тобымен математика негіздеріне арналған оқу қызметімен семинарды қорытындылады.
Балабақша әдіскері Алжанова Ләззат шаңырақ тәсілінде келген қонақтармен пікір алмасты. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Ережепова Айгүл Қайратқызы онлайн және оффлайн форматында өткен семинарға өзінің оң бағасын берді. Қарым қабілеті жеткіліті дені жастардан құралған ұжымға шығармашылық табыс тілеп оқу қызметтерінің ұтымды тұстарын атап өтті. Балабақша тәрбиешілерін шеңбер бойына жинаған басшының тәрбиешілерден ұсыныс пікір, айтар уәждерін тыңдауға дайын екендігін білдірген ашық әңгімесі басқосудың шырайын келтірді . Оффлайн форматта қосыған Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық балабақша меңгерушілері мен қосқанда 100 ге жуық әріптестері алдынға абыроймен жұмыстарын атқара білен ұжымға басшының тілегі мен ұсынған арнайы мадақтамасы үлкен құрмет болды. Айгүл Қайратқызының өзі қатысып балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысып ұжымға қолдау көрсеткені еңбектің еленгені осы бастама жалғаса беруін тілейміз.
Балабақшадан қанаттанып ұшқан түлектерін құшақтарын аша қарсы алатын балабақшамен қатарласа орналасқан білім ордасы №60 мектеп гимназиясы директорының орынбасары Тулегенова Гаухар Валихановна да өзінің жылы лебізін білдірді. Үздік шәкірттерінің қалыптасып мектеп қабырғасына қанат қағуына балабақша тәрбиешілерінің қосып жатқан үлесі зор екенін атап айтты. Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Смайыл Сандуғаш Серікболқызы да ұжымның талпынысымен ізденісіне оң бағасын айтты. Тәжірибе алмасып жақсылықты бөлісуге келген №42 «Бәйшешек», №50 «Жұлдыз», №35 «Ертегі» балабақшаларының меңгерушілері Махмутова Жанат, Махатова Малика, Рахменова Ләззат ауқымды шараға оң бағаларын беріп ұжымның еңбегіне жеміс тіледі.
«Туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән береміз» деген ұжымға шын мәнінде Сіздер ұлағатты ұл мен қызды Отансүйгіштікке баули білген халықтық тәрбиеге мән берген ұйымшылдықпен достықты ту еткен жұдырықтай жұмыла білетін ұжымсыздар дегеміз келеді. Ұжымына тірек, әр тәрбиешіге ақылшы, әр ісіне жауапты білікті басшы Әмина Амантайқызына алар асуыңыз көп болсын! Жеңісті күндерге жемісті еңбектеріңізбен жете беріңіздер дейміз!
Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы»