Home » Мақалалар » Инклюзивті білімнің маңыздылығы

Инклюзивті білімнің маңыздылығы

Тулекова Айша Курманбековна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір — бірімен қарым — қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру — барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата — аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу — педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған  мемлекеттік саясат.  Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті білім беру дегеніміз – баланың мүмкіншілігінің шектеулі болғанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім беретін мектептерде толықтай білім алуын қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беру қоғамның барлық істерінде баланың теңдігін ынталандыруға бағытталады.Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне байланысты, отбасының қатысуымен білім беру саласында қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беруіне толық енгізу және әлеуметтік ортаға бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру саласында оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері адам құндылығы мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2.Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті.

3.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4.Барлық адам бір-біріне қажет.

5.Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

  1. Жан- жақты адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Ата –аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде  бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып- үйренуіндегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық- педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай- ақ   жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы оқушылар мен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық, педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімнің арнаулы (коррекциялык) сынып  мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады.   Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерге мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру, оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым- қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Денсаулығына байланысты  мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық осы ерекшеліктері бірлескен оқу мен тәрбиелеу төңірегінде шиеленіседі және педагогтың ерекше назары мен жағдайын талап етеді.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту — оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .

 Пайдаланған  әдебиеттер:
1.«Инклюзивное  образование: построение и организация инклюзивного образовательного пространства»
І часть Е.В. Шестакова, Т.В. Сорокина. Ақтөбе  2011
2.Жалмухамедова  А.К., Халыкова Б.С. Раннее развитие детей с  ограниченными возможностями. Алматы 2012
3.Коррекционная  педагогика: методика  обучения и воспитания детей с нарушением развития № 1, 2013
4.Научно-практический журнал  «Специальное образование  в  Казахстане» №2,2012

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.