Home » Айтарым бар » Ұлы ұстаз – Ыбырай

Ұлы ұстаз – Ыбырай

  Мусайф Гүлшат                                                                  
 Ақмола облысы Ақкөл ауданы
Ж. Бектұров атындағы
№3 Ақкөл орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

 

 Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,сыныптастарымның ғылыми жоба арқылы еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

  • Ыбырай шығармаларындағы ұстаздық құндылықтарды зерттеу;
  • Ыбырай шығармаларын суреттер арқылы талдау, өлең жолдарындағы болжамдарын дәлелдеу;

І.Кіріспе

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.

 2.2 Ыбырай Алтынсариннің білім беру саласындағы шығармалары

Ыбырай атамыз бүгінгі күнге дейін бізге азық болатын, оқу –білімге шақыратын өлеңін білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Атамыздың қандай өлеңі болмасын, балаларды оқуға, білімге құштар болуға, оқу арқылы жетістіктеге жететінімізді өсиет етіп өз өлеңдерінде жырлап кеткен.

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3.1 Ыбырай шығармалары заманауи ғасырда, менің жеке тәжірибем

Атамыздың  «Өнер-білімбар жұрттар» өлеңінде бүгінгі заманауи гаджеттерді, 21 ғасырдағы жаңа технология, цифрландыру үрдістері айтылады. Оған дәлел;

  • Өнер — білім бар жұрттар
    Тастан сарай салғызды; Бұл жерде тастан сарай салғызды деп айтқаны міне, тасы-заманауи кірпіштер, зәулім үйлер –сарайлар. Казіргі уақытта барлық қалада бой көтерген зәлім сарайлар мен коттедж үйлер дәлел. Ертедегідей ешкім киіз үйде тұрып жатқан жоқ.

Сурет№1                                                          Сурет№2

 Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып — жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды. Бұл біздегі күнделікті қолданыстағы ұялы телефондарымыз.

Ең бірінші ғылым саласында үй телефондары пайда болса, одан кейін қалта телефондары пайда бюолып, алыс жерлерден жылдам хабар алатын жағдайға жеткендігіміз. Міне дәлел. Балаларды оқуға шақыра отырып, жаңа технологияларды игеруді насихаттап кеткендігі.

Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

  • Сурет№3 Бұл шумақта мың шақырым жерлерге күн жарымда барғызды деп осы поездарды айтып өткен. Адамды құстай ұшырды; бұл әуе көліктері, құстай ұшып алыс жерлерге жылдам жететініміз осының дәлелі.

Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;

БұБұл өлең жолдарында мал істейтін жұмыс дегеніміз, жүк тасушы үй жануарларын айтқан, яғни түйе, есек малы. Олардың орының отпен сумен жүретін автокөліктер басты.

  • Отынсыз тамақ пісірді, деген өлең жолында казіргі таңдағы тоқ плиталары.

Сусындан сусын ішірді.Бұл өлең жолында асүйден қабырғадан шығып тұрған краны болжағандай, нақты айтып кеткен. Ертеректе суды даладағы бұлақтан ішсе, казір міне асүйде кран суын пайдаланатымыз осының дәлелі.

Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,

Бұл өлең жолдарында Ыбырай атамыз теңіздегі сүңгуір қайықтар, үлкен яхталарды айтып кеткен екен…

Білгендерге осылар
Бәрі — дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды. Осы өлеңдегі барлық айтылған атамыздың сөздері, оқу арқылы талай ғылымды меңгеруге болатыны жырланып, бүгінгі ұрпаққа ұстаз ретінде өзінің ақ батасын беріп кеткен.

Қортынды

Қорыта келе, ұлы ұстаз атамыз Ыбырайдың балаларға арналған шығармаларында қандай тақырыпта жазса да алдымен нені мақсат етіп көрсетуге болар еді деген мәселеге тоқтайды.

Жазған әңгімесін өмірде кездесетін, баланың өзі назар аударатындай заттармен, іс-әрекеттермен байланыстырып отырады. Себебі, мектеп жасындағы  бүлдіршіндердің зейіні тұрақты болмағандықтан, бүлдіршіндерді қызықтырып, назарын аударту педагогтің ең басты міндеттерінің бірі екенін білген қазақ елінің дарынды перзенті әңгімелерінің бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды,тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілгендігін атап көрсеткен. [4]

Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында оқу үрдісінде, сынып сағаттарында, таңдаулы сабақтарда пайдалануға болады. Ұлы ағартушымыз артына қалдырған асыл мұрасы сан мыңдаған ғасырлар өтсе де, өз маңызын жойған емес. Жас өспірімдерді өскелең мәдениетке жетелейтіндей өмір оқулығы, отаны үшін алысқан күрес құралы болуы тиіс деп ойлаймын.

  • Бастауыш сынып оқушыларына арналған Ыбырай атамыздың шығармалары бойынша3Д кітаптар шығарылса

Осы суреттегідей, бірақ Ыбырай атамыздың суреттері балаларға арналып, баспадан ана тілімізде шығарылса екен деп армандаймын.

*Ыбырай атамызға арналған 3Д мұражай мектебімізден ашылса

Пайдаланған әдебиеттер

1.Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: Алматы: Ғылым, 1979.-110 б

2.Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар .- Алматы «Ғылым», 1994.-289 б

  1. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2-кітап. –Павлодар: Арман, 2004
  2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – Алматы, «Ана тілі», 1992ж, 448 бет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.