Home » Мақалалар »    Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы.

   Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы.

                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы
Нұра ауданы, Ақмешіт ауылы
С.О. Талжанов атындағы ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дымбаева Умит Кияшевна

                    «Махаббат – әуелі адамның адамдығы»

Абай Құнанбайұлы.

2021  жылдың 03 -12   ақпан  аралығында   С.О. Талжанов атындағы  жалпы   білім  беретін мектебінде Сара Алпысқызының туған күніне орай  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  атты  дәстүрлі онкүндігіне арналған   декада өтті. Оңкүндіктің алғашқы күні салтанатты түрде  шаттық шеңберімен ашылды. Шаттық шеңбер барысында оқушылар бір-біріне деген тілектерін, мейірімділік анасы С.А.Назарбаеваға деген жүрекжарды сөздерін жеткізе білді.Аталмыш іс- шаралар  аясында оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы  және мейрімді адами қасиетті мен өзара көмек әрекеттері туруалы түсінік беріліп , қамқорлық  жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани  адамгершілік қағидаларын  өз бақыты үшін  дұрыс қолданып, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында ашық сабақтар ,  сынып сағаттары өткізіліп, 1-7 сыныптар арасында суреттер көрмесі,  мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана»  атты кітаптар көрмесі, мәнерлеп оқу, «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында эссе  ұйымдастырылды.

«Өнеге отбасынан»   тақырыбында әңгімелесу, пікірлесу сағаты өткізілді. Отбасында алған тәлім –тәрбиенің орны ерекшелігі жөнінде әңгіме өрбіді.

Әр бала өз ойын, өз пікірін ортаға салды.«Отбасы жарастығы» атты  ата –аналарға арналған тренинг өткізіліп, ата-аналар белсене қатыса отырып , өздерінің ойларын, пікірлерін жеткізе білді.

12 ақпан күні «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақтар өткізілді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.