Home » Айтарым бар » Кока – коланың зияны

Кока – коланың зияны

Кожабекова Шынар Олжабаевна
Ақмола облысы Ақкөл ауданы
Ж. Бектұров атындағы №3
Ақкөл орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

 МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………………..4
1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1.Кока –кола сусыны. Шығу тарихы……………………………..5
1.2.Кока-кола Ресейде…………………………………………………….6
1.3. Әлемдегі      спорт    қозғалысын қолдаушы…………….7
1.4. Сусынның құрамы……………………………………………………8
2.ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1.Қызықты айғақтар…………………………………………………….9
2.2.Денсаулыққа әсері…………………………………………………….10
Қорытынды…………………………………………………………………14
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………15

                                                 КІРІСПЕ

Кока –кола сергітетін   алькогольсіз     сусын,  көптеген     елдерде кеңінен     тараған.      The    Coca-CoIa   Company    компаниясының өнімі
2006- 2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік сусын болып саналады.
Бірақ осы уақытта  бұның   бәрін   теріске   шығарып  жатырмыз,өйткені
бұл   зат организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып  келетін формальдегид-канцерогенге  айналатын метил спиртін  бөледі.
Өнім   адамға  қосымша  қуат  береді  деу- қате  пікір. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді  түрде айта аламыз.
Өйткені  күшті  газдалған бұл  сусынның құрамында қанттың көп екені
анықталған. Қазір , яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімнің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға тыйым салынып жатыр екен. Мен де өз пікірімді, үлесімді қосып,ойыммен бөліскім  келеді.

1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1.Кока-кола сусыны.  Шығу тарихы.
«Кока-кола» сусынын  1886  жылдың  8  мамырайында  (Джоржия штаты, АҚШ)  Атланта да ойлап тапқан.
Авторы –Америка   Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт  Джон  Стит Пембертон (Кока-коланыбір  фермер  ойлап тауып, рецепін  Джон  Ститке 250 долларға сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар)
Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк  Робисон, осы  уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «КОКА-КОЛА»  деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі   (осы жапырақтардан  1859  жылы  Альберт  Ниман ерекше компонентін бөліп алып,   кокаин  деп атаған)   және   кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен тоғыз адам сатыпалатын болған. Алайда кока-коланың кірісі біртіндеп өсе бастады.
1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып,1903 жылы газеттерде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады.
Алғашқыда   банка   түрінде сатылған. Атақты Америкалық мұражай Coca-Cola 1894 жылдан бастап шөлмектерде,ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.
1.2.Кока-кола  Ресейде
1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады. Кока-кола 1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. «Кока-кола» компаниясы өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмір қышқылы қосылады деп көрсетілген.
Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтірер залалы күннен-күнге дәлелденіп отыр.
1.3.Әлемдегі      спорт    қозғалысын қолдаушы
1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиада да «Кока-кола» Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.
1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылды.
1978  жылдан бастап футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі.
2010 жылы футболдан әлем чемпионатына Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап, балаларға арналған лагерь ұйымдастырылды.
1.4.Сусынның     құрамы
Сусынның әр нұсқасының құрамы әр түрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы проста Кока-кола нұсқасы берілген.
Сусынның компонеттері:
-Қант
-Көміртек диоксиді   ( Е 290)
-Бояғыштар : қантколлері ( 150) , кармазин ( азорубин)  ( Е 122)
-Ортофосфор қышқылы   (  Е 338)
-Кофеин
-Табиғи хош иістендіргіштер
Тағам құндылығы:
-Энергетикалық құндылығы—42    ккал
-Ақуыздар     —0
-Майлар    —-0
-Көмірсулар—10 мг
-Натрий  —-«11,0 мг
-Калий  —-1,0 мг
-Кальций   —4,0 мг
-Магний —-1, 0 мг
-Фосфор —  шамамен    17мг
Кола – тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі; кейбір түрлерінің жемістер імедицинада , ликер және кока-кола сусынын жасауда қолданылады.

  1. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
  2. 1.Қызықты айғақтар
  3. 2011 жылы «Национал географик» телеарнасы Кока-кола сусынының зауытын, оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті.

2 . 1989 жылы Кока-кола Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын енгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып табылады.
3.Джон Стит Пембортон деген фармацевт адамға қуат беретін шәрбат ойлап тауып, оған адамды сергітетін кока жапырағын қосқан.  Бұл өсімдік көпшілікке «кокаин» деген атпен таныс. Сол уақытта кок жапырағына тыйым салынбаған екен. Уақыт өте келе шәрбат саудаға шығарылады. Есірткіден басқа оның құрамында спирт те болған, бірақ көпшіліктің өтініші бойынша спирт құрамынан алынып тасталып, оның орнына Оңтүстік африкалық «кола» жаңғағының дәмі қосылды. Бірақ сусын тым тәтті болып кетті, оған су қосуға тура келді. Ал оның сыртындағы жазуды есепші Фрэнк Робинсон ойлап тапты.1886 жылы Кока-Кола газдалып сатыла бастады.

2.2.Денсаулыққа әсері

Дәрігерлердің пайымдауы бойынша Кока-кола әсіресе балалардың баc сүйегіне, ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций, темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып есесіне құрамындағы есірткі зат өміріңізді екі есеге қысқартады. «Кока-кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады»-деп жазады газет. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, ішектің созылмалы ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауратындарға тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан  тыс семіруге әкеледі. Жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар екен. Орал қаласының ғалымдары Кока-коланы сынақтан өткізген болатын. Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен , нәтижесінде тіс орнына ақ ұнтақтығын ғана көреді.
Сусынның құрамында қанайналымын баяулатып ,аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштары бар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Түркияда оның жасалу жолын білгеннен – ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ – тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат – қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?!

 Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің сөздігі. А. Дайк Пресс 1999.
2.ТОО «СП» «Кока-Кола Алматы Боттлерс» 2009.
3.Қызықты айғақтар   2011ж.
4.Ғаламтордағы ақпараттар
5.Коланың жаңғағы 11.08.2012

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.