Батыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды.
Білім додасы облыстық білім басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында ұйымдастырылуда.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне облыс бойынша 504 оқушы қатысуда. Оның ішінде аудан мектептерінен – 211, Орал қаласы мектептерінен – 88, облыстық мектептерден – 181 және олимпиада резерві мектебінен – 24 оқушы өз білімдерін сынап көреді.
Олимпиада аудандар мен облыс орталықтарында арнайы белгіленген білім ордаларында офлайн режимінде өтуде. Білім сайысының облыстық кезеңі 1 наурызға дейін жалғасады.
Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ
«BILIM AINASY»
БҚО