Нұр – Сұлан қаласы №83 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі:
Алмаханова Ақшолпан Бақтыбайқызы
Қазақтың ұлттық мәдениеті мәңгілік рухани- адамгершілік құндылықтарға негізделген. Сол сияқты жаңа дәуірдегі ізгі педагогтар, қазіргі таңдағы заманауи ізгілік педагогикасының өкілдері өте көп. Қазақстанның ізгілік педагогикасын классиктерінің жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин — бар саналы ғұмырын ағартушылыққа , яғни ізгілік педагогикасына көп еңбектенген көрнекті тұлға. Ол өзінің педагогтік,жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімін және қайраты мен жігерін жас ұрпаққа арнады. жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағына арнады. Қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, қазақ балаларын озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкенжетістіктерге қол жеткізді. Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. Ыбырайдың ізгілік педагогикасының демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Баста пісіп жетілген ойлар , жүрекпен терең сезінілуі қажет, содан соң дұрыс шешімдерді қолдар жүзеге асыруы тиіс деп білген ұлы ізгі педагог Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Оқушыларды жек тұлға етіп қалыптастыруды адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оларды қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауды білім мен тәрбиенің бастауында тұрған мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асқаны сөзсіз. Адамгершілік – қоғамдық сананың ең басты белгілері болғандықтан Ыбырай Алтынсарин адамдардың мінез-құлық, іс-әрекетті, қарым-қатынастарды бейнеледі. Шындығында , білім берудің мақсаты баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамыта қоймай, ең алдымен баланың жоғарғы рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Себебі бала шынайы адамдықты, танып білуді педагогикалық үдеріс кезінде үйренеді. Бұл жағдайда ізгілік педагогикасының классигі Ыбырай Алтынсариннің өзінің заманында жазған : «…жастардың ой- пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек…» деген өсиетін есте сақтау абзал.Себебі қазіргі таңда рухани-адамгершілік білім өте қажет.Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағыттаұйымдастырды. Ой, сөз және істің бірлігін тең ұстай алды.Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. «Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Мұғалім баланы сүйіп, оны түсіне білуі және шабыттандыра алуы керек деп есептеген. Ізгілік педагогикасын баса назарда ұстаған Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап көптеген қысқаша әңгімелер жазды.Сонымен қатар оқу – әдістемелік шығармалар және халық ағарту мәселелері жөнінде ескертпелер, этнографикалық очерктер де жазған. Ұлы ағартушы рухани- адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында айтып кеткен. Арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның түпкір түпкірінде білім беретін мектептер ашылды. Ыбырай Алтынсаринның әр әңгімесінде рухани- адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ақиқат, жиянат жасамау және ішкі тыныштық құндылықтарды дарытады. Баланың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытудың маңызды шарттарының бірі- балаға қоршаған ортада шынайы көзқарас, көңілді жағдай туғызу болып табылады.Ұлы ағартушы аңыз әңгімелерінің қай-қайсысын алсақ та, ондағы айтылатын негізгі идея – жалпыадамзаттық құндылықтар мәселесін көтере отырып, аз сөзбен көп мағына беретін қысқаша әңгімелерді жас ұрпаққа тілімдік- тәрбие. Ыбрай Алтынсарин адамгершілік қасиеттерді дәріптеуін басты назарда ұстаған. Яғни, жеке тұлғаға рухани-адамгершілік білім беру мәселелерін басты мақсат етіп жүзеге асырған. Өйткені, ол жас жеткіншіктерге ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіре отырып үйреткен. Адамның қоғамда өз орнын табуына, ақыл- парасатының дамуына, яғни, кемелденуге деген тілегін ашып, мәнді өмір сүруіне үйретеді. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.Ыбырай Алтынсарин шығармашылық жолында сантүрлі қиындықтарға жолықса да өз алған бағытынан таймады. Бойындағы сеніммен ойдың, сөздің, істің бірлігіне әкелді.Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар», — деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап – жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», — деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. «Баланы жастан», — дегендей, оған жас күннен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады. Біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт — дәстүрлерінен хабар беру принципін көздей отырып, тұлғаны өмір сүрген қоғамына қатысты халықаралық қатынасқа бейімдеу. Жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған. Мектеп оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруімен бала түйсігін жүйелілікпен қалыптастыруға тырысқан. Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин рухани- адамгершілік білім беруді ту етіп ұстады және қазіргі таңда да жалау етіп желбіреп өз мәні мен мағынасын жоғалтпады . Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелерін өзімнің кәсіби және жеке өмірімде кеңінен қолданамын.