Home » Мақалалар » Орындалған арман

Орындалған арман

Агыбаева Рауан Иманбаевна
Нұр-Сұлтан  қаласы,
 №14 «Ақбөпе» балабақшасы» МКҚК
қазақ тілі мұғалімі.

Менің арманым орындалды. Неге дейсіз ғой? Мен бала күнімнен, мектеп қабырғасында оқып жүргенімнен- ақ әртіс болуға өте құштар едім. Алғаш рет білмеймін қай сыныпта, Абай жолы романымен таныстым. Абай жолын оқи отырып, Мұхатр Әуезов атамыздың ерең еңбектерімен танысып, әдебиетті, география, тарихты ерекше сүйіп оқыдым. Мен 13 жасымнан бастап, көркемсөз оқып, түрлі сықақтарды оқып не керек әртіс болдым. Түрлі жарыстарға барар кезде мектеп директоры Таңат ағайым: «Рауан нешінші орын аласың» дегенде шімірікпестен бірінші орын деуші едім. Кейін шабытым оянып, ақында болдым. Сол жылдары балалықпен жүріп, Алматы қаласында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры барын естідім, өзім Арқалықтың тумасы болған соң маған құдды бір қол жетпейтіндей көрінетін. Не керек ержеттік, оқуға түстік содан ол арманым ұмытылғандай, түптің- түбіне кеткен еді. Өмірдің  күйбің тірлігімен жүріп, оқу бітірдім, жұмысқа да тұрдым. Қазіргі уақытта мен педагогика- психология саласы бойынша жұмыс атқарамын. Аллаға мыңда бір шүкір. Әр саланың өз ерекшелігі бар емес пе? Бұл сала мені эксперименттік тұрғысынан қызықтырды, баланы оқытасын, тәжірибеге саласын, сәлден соң тіпті баладан көп нәрсе үйренесің. Осылай айлар, жылдар өтті. Күндердің күнінде жұмыс барысында жиналыста мені ұжым – Кәсіподақ төрайымы қылып сайлады. Мен аң-таңмын не істеймін, не қыламын деген сансыз сұрақтар санамды. Өзімнің бала күнімнен өз- өзіммен сөйлесетін әдетім бар еді, былай айтқанда тума психолог. Ішкі ойым, санам саспа сенің қолыңнан бәрі келеді деп сансап тұр. Сіздерге де қызық болсын. Мен бала күнімде нағашыларымның қолында өстіп, көңілім құлазиды, ата- әжем қыдырып кеткенде мені ренжітеді ме білмеймін, әйтеуір көңілім құлазитын.. Сол кездері көңілім түсіп,  ата- анамды сағынғанда «салқан бөлме» деген бөлмеге барып, совет уақытынан бері келе жатқан шифоньердің айнасына қарап тұрып, өз- өзіммен сөйлесіп, кеңес айтып, жұбататынмын. Маған сол дұрыстай, ішкі түйсігім сен дұрыс жасайсың деген ойлар айтатындай. Қазір уақытта Луиза Хейді оқып, оным дұрыс болғанын түсіндім. Бұл да бір Алланың құдіреті шығар. Енді Сіздерге айтқым келген ойыма оралсақ, Кәсіподақ төрайымы болып жүріп, түрлі марапаттарға ие болдым, «Әділет» кәсіподақ ұжымының арқасында бала күндегі арманыма қайта оралғандай болдым. ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» республикалық байқауына қатысып,  3 орын иеленіп, жеңімпазы атандым. Алматы да өткен күндерім, ең керемет күндердің күні десем де артық болмас. Осы мерекелік шара барысында, ұйымдастырушылар Алматы қаласының жақсы жерлерін көрсетті. Экскурсия барысында бізді М.Әуезов атындағы театрға әкелді. Бір кезде ішкі дауыс РАУАН- БАНУ міне сенің көптен күткен арманың орындалды дегендей. Қасымда әр жақтан жиналған көпшілік қауым, ішіндегісі мен бәрін фотоға түсіріп, аралап жүрген. Сол кездегі менің түрімді көрсеңіздер ғой, басқа әлемнен келгендеймін. Шыны керек керемет болды. Елден ерекше болып, ілініп тұрған картиналар көзіме түсті, қасына барып анықтап қарасам біздің бүгінде бақилық алыптардың, одан кейінгі бірнеше буын өкілдерінің, олардың дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан қайраткелдің суреттері екен. Ішім алай- дүлей РАУАН- БАНУ сен енді барлық арманыңа жетесің деген дауыстар сайрап тұр. Көзіме ерекше жас келіп, қатты толқу үстінде болдым. Сіздерге құрметті оқырман бір асқақ арманымды айтып өтсем деймін. Мен, Агыбаева Рауан Иманбаевна ҚР еңбек сіңірген атақты да әйгілі отбасы психологі болғым келеді. Не үшін? деген сұрақтарыңызға жауабым, ата заманнан қалыптасып келген, қазағымның шаңырағы шайқалмауына бір септігімді тигізгім келеді. Сіздерде мен үшін дұға-тілек қылсаңыздар, қырықтың бірі қыдыр демейме атан қазақ. Бірақ, айта өтсем алмақтыңда салмағы бар дегендей. Құдды бір тылсым дүние, «жақсы, сен арманың өте жақсы, бірақ сен соған лайық кезеңнен, сынақтан өтуің керек» дейтіндей. Мен білмеймін қалай, қашан келетін, педагогика тілімен айтқанда жүйелікпен біріздік принципі негізінде, жеңілден қиынға кезең- кезеңмен келетініме сенемін. Мен ол күннің, арманымның орындалатынына сенемін! Сіздерде сеніңіздер!

Мұхтар Шаханов атамыз айтқандай,

Лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.