Home » Айтарым бар » ҰСТАЗЫ МЫҚТЫНЫҢ — ҰСТАМЫ МЫҚТЫ

ҰСТАЗЫ МЫҚТЫНЫҢ — ҰСТАМЫ МЫҚТЫ

ҰСТАЗЫ МЫҚТЫНЫҢ — ҰСТАМЫ МЫҚТЫ

Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғанына биыл отыз жыл толып отыр. Отыз жылда Қазақстандық жастар білім жолында сан қилы жетістіктерге жетіп, білімнің биік шыңын бағындырып жүр. Озық ойлы жастардың болашағы үшін өз еңбегін аямайтын ұстаздардың да еңбегі зор. Қажырлы еңбек етіп, ұзақ жылдар шәкір тәрбиелеген ұлағатты ұстаздар өмір белесіне енді ғана қосылған жас мұғалімдерді қоса тәрбиелейді. Оны мектепте тәлімгер деп атайды.

Тәлімгерлік-бұл ұрпақтар арасындағы байланыс, оны қолдау және нығайту бүгінгі күннің басты талабы. Ал педагогикалық әулеттердегі тәлімгерлік-озық технологияларды,  педагогтарды оқыту әдістерін зерделеуге қызығушылық тудыратын, педагогикалық қарым-қатынас ауқымын кеңейтудің, үздіксіз дамудың кәсіби құзіреттілігін көрсету.

2021 жылдың 9 желтоқсанында Өрлеу-СҚО филиалында «Алтын қор» облыстық тәлімгерлер форумы және «педагогикалық дуэт» (халықаралық деңгейде) облыстық кәсіби шеберлік және тиімді тәлімгерлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Екі шара да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Өткізілген форум мұғалімдер әулетінің кәсіби тәжірибесін сақтау және тәлімгерлік негізінде педагогикалық кәсіптің қоғамдық-әлеуметтік мәртебесін нығайту болып табылады.

       «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» СҚО Білім басқармасымен, СҚО білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетімен, «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, өңірдің 13 педагогикалық әулетінің өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады.

Форум жұмысының нәтижесі «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл: «біздің әулетіміздің тарихы» жинағының тұсаукесері, онда өңірдің аса көрнекті және беделді педагогикалық әулеттері, олардың  СҚО білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы очерктер ұсынылған.

Өз кезегінде әулет өкілдері педагогикалық ортада тәлімгерлік идеясын қолдап, «педагогикалық дуэт» байқауының жеңімпаздарына Республикалық «Білімді ел – Образованная страна» газетіне жазылуға сыйлық сертификаттарын табыс етті.

«Педагогикалық дуэт» байқауының жеңімпаздары:

I дәрежелі Диплом:

— Ережепова Алтынай Тұрарқызы, Ногурбекова Жанарбекқызы, «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ.

II дәрежелі Диплом:

— Ильясова Акмарал Шатиковна, Кайыркенова Аадияериковна, «№2 Бескөл орта мектебі» КММ;

— Кудрявцева Ирина Александровна, Алимбаева Бибигуль Кабеновна, Омск қаласының БОУ «№53 жалпы орта білім беру мектебі».

III дәрежелі Диплом

— Жиентаева Зауреш Кошегалдиновна, Нұрбек Ғайса, «Әл-Фараби» мектеп-лицейі;

— Маханбетова Дана Құнанбайқызы, Ысқақов Тілеген Жанботайұлы. «№2 Саумакөл мектеп-гимназиясы » КММ.

Ұстаздардың адал қызметтерінің жоғары бағалануы, ұрпақ алдындағы абырой биігінің жеңісі. Ұстаздар әулетінің тарихи дастаны жойылмай, ұрпақ сабақтастығымен жалғаса берсін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.