Home » Мақалалар » Ардақты менің атамекенім

Ардақты менің атамекенім

Дуйсенбаева Молдир Аманбековна
Нұр-Сұлтан қаласы,
Міржақып Дулатұлы атандағы
№68 мектеп-гимназиясының  физика пәні мұғалімі

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік – туған жер, — деп Қасым Аманжолов туған жерді жырға қоса мен бүгін өзімнің туған жерімнің тарихын жазсам деймін.Туып өскен жерімен, туған ауылымен мақтанбайтын қазақ кемде-кем болар. Туып өскен, кіндік қаным тамған жерім Алтаймен қол ұстасқан Тарбағатай тауымен ұласқан Өкпетідей таудың баурайында жатқан Үштөбе ауылы.  Туған жердің табиғат да бір ерекше! Жазы шырайлы, қысы жайдарлы, бұлбұлы сайраған көктемі әдемі ғой. Бұл өлке тау арасынан адамның көзіне  бірден шалынады. Қарасаң көзіңнің ұшы — қиыры жететін тау ортасында орналасқан ауыл табиғатқа ерекше әсемдік береді. Қарай берсең, беткей жағындағы алып жоталарда толқындай теңселіп, гүл бетіне оранып жатыр. Бұл — менің ауылым, туған жерім, ата-мекенім!

Өкпеті төскейінен бастау алатын сазды бұлақтар елдің ырысы, сай-саласы жеміс-жидекке, аң-құсқа толы құт қонған аймақтың шежірелі тарихы тарғыл тастарында, өзендерінде, бұлақтарында жатыр.  «Үштөбе» тарихы  дегенде «Қабанбай шаты», «Қойтас үңгірі», «Боғас өзені», «Балбал тас», «Шипалы бұлақ», «Сын тас» атаулары бірден ойымызға келетін ауылдың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ауыл тарихымен біте қайнасып жатқан ұлы атаулар.  Осы атаулардың тарихы арқылы мен өзімнің ауылымның киелі жерде орналасқан қуана айтқым келеді. Осы атауларға тоқтала отырып ауылдың қандай тарихы бар екеніне тоқталсам.

«Қабанбай шаты» ауылдан 2 километр жерде орналасқан. Қаракерей Қабанбай бастаған қол мен қалың жоңғар арасындағы шайқас өткен аймақ. Осы шатқалға Қабанбай батыр қорғаныс жасап жауды жеңген екен, содан бері бұл шатқал «Қабанбай шаты» деп аталған.

«Өкпеті» тауынан бастау алған өзен  «Боғас өзені» ауылды қақ жарып өтіп 80 шақырымнан астам қашықтыққа созылып барып, Боғас бекетінің маңында сарқылып тынады.   «Боғас» өзенінің тарихына келсек бір бай арқалық жақтан қоныс аударып, осы өзеннің маңына келіп қосы тепкен екен. Қысы жәйлі, барлық малы қыстан аман-есен шыққандықтан бұл жердің «боғыда ас» деген екен. Содан бері осы өзенді «Боғас өзені» деп атауға ие болған.

«Қойтас үңгірі» — ауылдан 6 километр жерде орналасқан. Өткен ғасырда бағалы кен өнімдері табылып сәтті басталып, кейін аяқсыз қалған. Содан қалған белгі ретінде осы үңгір қалған, үңгірді аралау ұзақ уақыт алады.

«Балбал тас» ауылдан 10 километр жерде орналасқан. Өкпеті тауының ең биік нүктесі Жалаулы шыңы болса күңгей беті жазық, сол арада бұлақ ағады бұлақта Балбал тас мүсіні орналасқан. Балбал таста қызбен жігіттің мүсіні бейнеленген. Тас тарихына тоқталар болсақ қазақ жігіті қалмақ қызына ғашық болып еліне алып кетеді. Қыздың ағалары артынан еріп шығады. Қызбен жігіт осы араға тоқтап бізге жазылғаны өлім, осы арада құримыз артымызда ұрпақта қалмады деп тастан мүсін қашап кетейін ел бізді осымен еске алсын деген екен. Осы жерге қыздың ағалары қуып жетіп қызды да, жігітті де жер жастандырған деген аңыз бар. Бұл тастың хронологиясын тап басып айту қиын, жеті зерттеуді талап етеді.

«Шипалы бұлақ» ауылдан 50 километр жерде орналасқан. Шипалы бұлақ- медицинада зерттелмесе де суы мен балшығы  тері  ауруларына ем деп жан- жақтан емделушілер келіп жатады. Бұл бұлақ суының балшығы мен суының емдік қасиетін бір қойшы ашқан екен. Мал бағып жүрген қойшы бір жаралы арқардың осы бұлаққа келіп, жарасына бұлақ жағысының батпағын жаққанын байқайды. Мұнда бір сыр барын байқаған ол өз жарасына да пайдаланған екен. Жарасы тез жазылыпты. Содан бұл бұлақтын  емдік қасиет бар екені ел ішіне тарап кетеді. Жергілікті халықтың ішінде экзема ауруынан осы бұлақ суы мен балшығын пайдаланып емделдік деушілер бар.

«Сын тас» —  ауылдан 20 километр жерде орналасқан. Базар өзені бойындағы табиғаты ерекше жер. Өзен арнасы осы тұста ірі-ірі тастармен бөгеліп сарқырама түзілген. Табиғаттың өзі жасаған мүсін   жартас бар. Осыған байланысты бұл жер атауы  «Сынтас» деп аталады.

Ауылдың ерекше осындай тарихы және киелі жерлерін жазу мен үшін бүгін бір көз алдыма елестетіп, бойымды қуаныш билеп отыр, себебі ауылдың азда болса тарихын білетініме. Керемет табиғи жаратылысты көру әркімніңде құлшынысы болар, сондықтан мен ауылымның тарихын айта отырып осынау киелі жерлерін сипаттай отырып тау туризмін дамыту ісін қолға алса, менің ауылым таптырмас орын болар еді дер едім. Әрине тау туризмін насихаттау ол ауылдың жастарының қолында. Мектеп қабырғасынан бастап ауылдың, туған жердің  тарихын сабақ барысында, сыныптан тыс уақыттарда насихаттау әр баланың бойына патриоттық сезімін оятар сөзсіз.

Туған жер дегенде ел мен жерге деген махаббат оянып, туған халқың мен туған еліңнің алдындағы перзенттік парызың жайлы ойлар оралуы тиіс. Бүгінгі таңда киелі Қазақ елі нығайуы үшін әр қайсысы елі үшін соғатын жүрегі, құрметтейтін сезімі, дұрыс ойы, еліне пайдалы ісі болуы тиіс, сонда ғана елімізді өркендетуге деген жол ашылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.