Home » Мақалалар » Заман талабына сай…

Заман талабына сай…

Алматы қаласы Жетісу ауданы
«№102 ЖББМ» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Аккамиева Самал Мейрамовна

Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2021-2022 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы барлық өңірде біртіндеп енгізілетіндігі жайлы «ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатында айтылған болатын. Осы орайда жас буынның білімділік сауаттылығын арттыру, оқырманды кітапханаға көбірек тарту мақсатында мектебімізде  «Coworking» орталығы заман талабына сай қайта жаңартылып, ашылды. Білім ордасындағы рухани орталықтың ашылуы  шәкірттер мен ұстаздардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтынына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әзірлеген көркем әдебиеттер тізбесі бойынша №102 ЖББМ кітапханасы толықтырылды. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді.

Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша ресурстар ұсынылуда. Әрбір мектепте және отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру бүгінгі таңда қолға алынуда. Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.