Ерманат Алмаз
Қарағанды облысы білім басқармасының
«Дарын» мамандандырылған
мектеп-интернаты КММ 7 сынып оқушысы.
Жетекшісі: Бейсембекова Анар Ермахановна
Мақсаты: Сиқырлы шаршылармен танысу.
Шаршылардың шығу тарихын білу.
Сиқырлы шаршыларды жылдам әрі дұрыс толтыруды үйрену.
Міндеттері:
—Сиқырлы шаршылар туралы ақпарат алу үшін әдебиеттерді оқу;
-Сиқырлы шаршыларды құрастыруды үйрену
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Сиқырлы шаршыларды құрастыру арқылы өз нәтижемді алу.
Жұмыстың эксперименттік әдістемесі: байқау, салыстыру, сараптама, ұқсастық. Практикалық мәнділігі: сиқырлы шаршылардың көптүрлігі, оларды құрастыру, толтыру әдістерін меңгеру
Зерттеуге енген жаңалық:
- Сиқырлы шаршылардың негізгі ерекшеліктері тек айқындық, анықтық және логика ғана емес, сонымен қатар эстетика, үйлесімділік және сұлулық.
Тақырыпты таңдаудың өзектілігі:
- Сиқырлы шаршылар таңғажайып, қызықты және айналысуға тұрарлық дүние.
- Сиқырлы шаршыларды толтыру оңай, бірақ сіз кейбір ережелерді білуіңіз керек.
Мазмұны:
- Кіріспе 3бет
- Сиқырлы үшбұрыш 4 бет
- Алты қырлы сиқырлы жұлдыз 5бет
- 3х3 өлшемді сиқырлы шаршыны құрастыру алгоритмі 6бет
- Практикалық бөлім 7бет
- Қорытынды 8бет
Сиқырлы шаршылардың шығу тарихы өте ерте заманда пайда болған. Аңыз бойынша өте ерте заманда тасбақа жүзіп келген. Сол тасбақаның үстінде 9 ұяшықтан тұратын шаршы салынған. Ол ұяшықтарға ироглифтер жазылған. Анықтай келе олар 1-ден 9-ға дейінгі сандар. Олардың қосындысы 15-ке тең.
Сиқырлы фигуралар
Егер берілген фигураны көлденеңінен және тігнінен, диагоналі бойынша сандармен толтырғанда олардың қосындысы бірдей болса, олар сиқырлы фигуралар деп аталады.
Сиқырлы үшбұрыш.
Мына үшбұрыштың әрбір қабырғасына жазылған 9 цифрдың қосындысы 20-ға тең болады.
Бүйір қабырғаларындағы: 5+7+6+2=20
5+3+4+8=20
Табанындағы: 2+9+1+8=20
Алты қырлы сиқырлы жұлдыз
Мұнда барлық алты қатардың сандарының қосындысы бірдей
4+6+7+9=26
11+6+8+1=26
4+8+12+2=26
11+7+5+3=26
9+5+10+2=26
1+12+10+3=26
Бірақ төбелерде орналасқан сандардың қосындысы басқа
4+11+9+3+2+1=30.
Санды дөңгелек:
3х3 өлшемді сиқырлы шаршыны құрастыру алгоритмі
1)Цифрларды көрсетілген ретпен жазып шығу керек:
1 2 3
4 5 6
7 8 9
2) Диагоналдың қарама-қарсы жағындағы цифрлардың орнын айырбастаймыз:
1 мен 9, 3 пен 7:
9 2 7
4 5 6
3 8 1
3) Сағат бағытымен әрбір цифрды бір қадам жылжытамыз
4 9 2
3 5 7
8 1 6 Нәтижеде қосындысы 15-ке тең сиқырлы шаршыны аламыз
Бесінші ретті шаршылар.
Мына есептерді қарастырдым
№ 1.
Бос орындарға 1-ден 16-ға дейінгі сандарды жазып шыққанда, қосынды 34 болу
5 | |||
3 | 13 | ||
6 | 9 |
11 | 8 | 10 | 5 |
2 | 3 | 13 | 16 |
7 | 12 | 6 | 9 |
14 | 1 | 15 | 4 |
Есеп 2.
Бос орындарға 23, 41, 47, 65 және 71 сандарын орналастыру керек.
35 | 17 | |
59 | ||
11 |
35 | 71 | 17 |
23 | 41 | 59 |
65 | 11 | 47 |
Есеп 3.шаршыда жазылған сандардың орнын дұрыстау керек
3 | 5 | 7 |
9 | 11 | 13 |
15 | 17 | 19 |
17 | 7 | 9 |
3 | 11 | 19 |
13 | 15 | 5 |
Есептеулерден кейін мына қорытындыға келдім:
- Сиқырлы шаршылар таңғажайып, қызықты және айналысуға тұрарлық дүние.
- Сиқырлы шаршыларды толтыру оңай, бірақ сіз кейбір ережелерді білуіңіз керек.
- Сиқырлы шаршылардың негізгі ерекшеліктері тек айқындық, анықтық және логика ғана емес, сонымен қатар эстетика, үйлесімділік және сұлулық.
Әдебиеттер:
- Аллан Рей, Вилльямс Мартин «Математика на пять». Издательство «АСТ ПРЕСС». Москва
- Гуревич Е.Я. «Тайна древнего талисмана». Издательство «НАУКА»
- Постников М.М. «Магические квадраты».
- Серпинский В. «Что мы знаем и чего не знаем о простых числах».
- Перельман Я.И. «Занимательные задачи и опыты»