Home » Мақалалар » Төл өнердің тұлғасы Нұртілеу Иманғалиұлы

Төл өнердің тұлғасы Нұртілеу Иманғалиұлы

Дәлубай Самал Дәлубайқызы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай ауылының
№9 мектеб
інің
бастауыш сынып мұғалімі

Төл өнердің тұлғасы Нұртілеу Иманғалиұлы

Адам баласының жан дүниесіне кіріп көрген жан бар ма?! Сыртқы келбет, дүр дидар, парасатты пошымға жан дүние үйлессе – жігіттің болмыс-бітімі биіктей түспей ме? Нұртілеу Иманғалиұлын жұрттың бәрі біледі. Теледидарға телмірген әр қазақтың баласы ол кісінің аузынан шыққан қанатты сөзді тойда да, ойда да айтатын болған. Бір ауыз сөзімен елді үйірген, жүрген жері ду-думан, гүл-бақша азаматтың ат жалын тартып мінгелі қазағына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанына дүйім жұрт куә.

            Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы  Ақсу ауданында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы, Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. 1977 жылы ҚазМУ-дің жур­на­лис­тика факультетін бітірген. Қазақ те­левизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас ре­дактор, саяси шолушы, дирек­тор­дың орынбасары, «Хабар» агент­тігінде модератор-жүр­гізу­ші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сек­тор меңгерушісі, Президент Әкім­шілігінде бас маман болып істе­ген. Коррупцияға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комис­сия­ның мүшесі. «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы қызметін ат­қарған. Н.Иманғалиұлы – теле­журналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының маңызды бө­лі­гін телевизияға арнаған. Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 2021жылы 17ақпан күні 70-ке таяған шағында өмірден өтті.

Алғаш­қы хабарының бірі – «Жадыңда ма, жолдас?!». Содан бері талай­дың санасын қозғаған, саяси-әлеуметтік салмағымен, әсіресе шын­шылдығымен телекөрер­мен­нің есінде сақталған бағдарла­ма­лары: «Жас жігер», «Көзқарас», «Ал­тыбақан», «Айна», «Заң мен за­­ман», «Ақиқат пен аңыз», «Ди­дар», «Жастар дауысы», «Арай», «Көкпар», «Ой-көкпар», «Бетпе-бет», «Дін мен діл», «Арнайы ре­пор­таж», «Діңгек», «Қолтаңба», т.б. Қазақстан Журналистер ода­ғы сыйлығының екі мәрте лау­реаты, «Алтын Жұлдыз» сый­лы­ғының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлт­тық өнер академиясының кұр­метті профессоры, Ақсу ауданы­ның Құрметті азаматы. Бір адамның иығына артсаңыз батпандай салмағы бар атақ пен даңқ-дәреже. Оның өмір жолы тақ­­тайдай тегіс болды деп кім ай­та алады? Былайғы жұртқа ішкі сырын білдірмегенімен, оның да мұқалған, жасыған, мүжілген сәттері болған-ақ шығар. Әсіресе, ға­сыр тоғысында ер азаматтың жұ­мыссыз қалып налыған, жан жа­ры Саламаттан айырылып, ұн­жырғасы түскен кезеңдер бол­мады емес, болды. Әйтсе де, Нұр­тіл­еу аға соның бәрін сырт көз­­ге білдірген жоқ. Ол кісінің өмірі тележәшікке бай­лаулы. Неге десеңіз, өмірінің сәу­лелі сәтінің бәрі қазақ те­ле­ви­зиясымен байланысты. Қазақ те­ледидарының қалыптасқан ке­зеңд­ерінде қадау-қадау айты­ла­тын тұлғалардың қатарында оның да есімі ерекше аталатыны рас. Белгілі ақын Бауыржан Жа­қып: «Нұртілеу – атақты Молық­бай қобызшының ұрпағы, ша­ша­сына шаң жұқпас қазақ эпикалық поэ­зиясының бірінші жүйрігі, қай­таланбайтын ақын Ілияс Жан­сүгіровтың аталас інісі. Әкесі Иман­ғали ақсақал елге қадірлі, ха­лық ақыны болған екен. Зама­нын­да талай айтысқа қатысып, оза шауып, бәйге алған. Жыр алы­­бы – Жамбылдан бата алған Қалқа Жапсарбаевтармен сыйлас, замандас болған, өнер қонған жан екен. Нұртілеуге сөз киесі қан­­мен келген, бергісі әке тәлі­мінен дарыған. Анасы Гүлжәмила – 12 құрсақ көтерген ардагер. Нұр­тілеу – Имекең шаңырағының сүт­кенжесі. Өзі шалдың қолында болып, жасынан ерке өскен. Ата­сы Қалиасқар «осы сарым» деп, маңдайына жел тигізбей өсірген бұл ұл қазақи дәстүр, тәрбиенің бә­рін өз бойына сіңіріп өскен. Сон­­дықтан да шығар, ол нағыз ұлттық тұлға болып қалыптасты. Алты алаштың абызы болған Бәй­­кен Әшімов ағамыздың «Елің­­ді жамандама, шығар төрің, же­ріңді жамандама, кірер көрің» де­ген аталы сөзін өмірлік ұстаны­мына айналдырған азамат болып өсті» деп толғайды. Расында да, ұяда көрген тәр­бие ұшқанда да байқалады. Кеңес­­тік кезеңнің өзінде қызыл им­перияның қатал цензурасына қа­рамастан, ұлттық бояуы қанық ха­­барлар жасады. Тәуелсіздік за­ма­нында да елдің, ұлттың мәр­те­бесін биіктетуге бар ынта-ықыла­сын, күш-жігерін, парасат-пайы­мын арнап келеді. Ол кісінің есімін дүр еткізген не хабар деп өткенге көз жүгірт­сек, бірден санамызға «Жадыңда ма, жолдас?!» хабары оралатыны рас. Бұл оның тырнақалды дүние­сі болатын. Алғашқы хабарында жур­налист өзі туып-өскен ауыл­дан шыққан 28 панфи­лов­шы­лар­дың бірі, батыр Нарсұтбай Есе­бо­латов туралы баяндайды. Бір ха­бар жасау үшін ұзақ ізденді, тын­бай еңбек етті. Ақырында нәти­же­ге қол жеткізіп, батырдың жан жа­рын Омбы қаласынан тауып, сұх­бат алады. Тіпті жауынгердің ұлын да іздеп тапты. Мұның бәрі тұ­ң­ғыш хабарда көрініс тапты. Бұдан кейін де журналист із­де­ніссіз қалған жоқ. «Жас жігер», «Ашық микрофон», «Ақиқат пен аңыз», «Заң мен заман», «Арай» сияқ­ты хабарлары – осының дә­лелі. Одан бөлек, «Көкпар» эк­ран­ға шыққанда, көк жәшікке үңіл­меген қазақ жоқ шығар. Кейі­нірек «Көкпар» «Ойкөкпарға» ұлас­ты. Бұл да – көрермен кө­зайы­мына ие болған айтулы ха­барлардың бірі. Қазақ телевизиясының қара шаңырағы «Қазақстан» ұлттық ар­насында басталған журналистік жол «Хабар» арнасындағы бағдар­ла­маларға ұласты. «Бетпе-бет» ха­бары – тікелей эфирде жүргізіл­ген сапалы жобалардың бірі. Бұл жоба еліміздегі белгілі тұлғалар­дың пікір алаңына айналды. Нұртілеу Иманғалиұлының қол­таңбасымен әр жылдары «Дің­гек», «Қолтаңба», «Көрші­лер» ток-шоуы жарыққа шықты. Ол жүргізген хабарларда еліміздің бі­лік­ті азаматтары, өз ісінің біл­гірлері пікір алмасты. Ұлтымыз­дың айтулы тұлғалары: Шыңғыс Айтматов, Төрегелді Шарманов, Ка­мал Смайылов, Асанәлі Әші­мов, Қадыр Мырза Әлі, Ақселеу Сейдімбек, Қаршыға Ахмедияров және тағы басқалар қатысқан ха­барлар халық жадынан өшпестей бо­лып, телеарнаның «Алтын қо­рын­да» қалды. Осыдан бірер жыл бұрын кейіп­­керіміздің: «Кез келген те­ле ө­німді ұлттық мүддеге байла­ныс­ты, тек соған сәйкес келетін та­лап биігінен, сүзгіден өткізу, дәл біздің қазіргі ахуалымызда еш­қандай да әбес емес екендігін ал­дымен өзіміз ұғынуымыз қажет. Екіншіден, осы қажеттілікті рет­тейтін әдемі механизм жоқ емес, тек батылдық жетпей жатқандай. Соңғы жылдардағы телевизия­дағы тенденцияны мен үш топқа бөліп қараймын. Барлық арнада жарысып жүрген жаңалықтар бар, яғни ақпараттық бағдарламалар тенденциясы айқын. Екіншісі – ток-шоулар тенденциясы екпін алуда. Үшінші топқа демалуға бейім­делген, әуенді-сазды бағ­дар­ламалар мен талғамсыз се­риал­дар тенденциясын жатқы­замын. Не ұттық? Теленарық туралы түсініктер толысты, бәсе­келестік пайда болды. Қалай де­сек те ауыздығы алынып, тізгіні, тұсауы тарқады. Бұл білгенге аз емес. Алайда қырық жылдан ас­там телетарихымызда теңдесі жоқ та­нымды дүниелердің ескерусіз қал­ғаны өкінішті! Айталық әр­қай­сысы бір-бір лаборатория болуға лайық хабарлар тізбегі бүгін­гі ұрпаққа белгісіз қалуда. Жалпы, тележурналистердің ұлт­тық бағдарлама өндіруші то­бының бірлестігі сияқты, ең бол­мағанда, қоғамы немесе қоры қа­жет. Ол үшін тұрақты қалып­тас­қан көзқарас керек» дегені бар-ды. Одан бері де біраз уақыт өтті. За­ман алмасты. Телеөнімдерге көз­қарас өзгерді ме? Мәселе – осын­да. «Менің пайымымда на­ғыз журналистика кешегі һәм бү­гіні болсын, ұлттық санаға әсер етуі керек. Ол сол ұлттық сананы не биікке көтереді, болмаса құл­дыратады. Журналист әлі де «қо­ғамның барометрі» деген асқақ атауынан айырылған емес. Алай­да журналист қоғамды өзгерт­пей­ді. Тек өзгертуге тиісті мәселені айта алады, қозғайды. Бұл соңғы сөз емес. Ол – жанды құбылыс. Осы тұрғыдағы пікір әрдайым жаң­ғырады, құбылады, түрленеді» де­ген пікірімен келіспеске амалы­мыз жоқ. Нағыз журналистика ғана емес, нағыз майталман ма­ман­­дар да – ұлттық сананы жаң­ғыртушы күш. Елбасы «Болашаққа бағдар: ұлт­­­тық жаңғыру» атты мақала­сын­да: «Қазақ «Туған жерге туың­ды тік» деп бекер айтпаған. Пат­рио­тизм кіндік қаның тамған же­ріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе де­ген сүйіспеншіліктен бастала­ды. Сол себепті, мен «Туған жер» бағ­­дарламасын қолға алуды ұсы­на­­мын. Оның ауқымы ізінше кеңейіп, «Туған елге» ұласады» де­­ген еді. «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында ең­бек­теп, қаз басқан қасиетті ме­кені, талай жанның өмір-бақи тұра­тын өлкесі» екені ақиқат. Нұр­тілеу Иманғалиұлы да өзі туып-өскен Ақсу өңірінен алыс­тап кеткен емес. Әр сәт сайын, әр мез­гіл сайын ауық-ауық туған ел­ге ат басын бұрса, бұл да сағы­ныштан туған сезім болатын. «Егер тарихымызды таңбала­ма­сақ, тұлғаларымызды түгенде­ме­сек, олардың ерлігімен ұрпақты су­сындатпасақ жарқын өмірге нық қадам баса аламыз ба?» деген ұстанымды берік  ұстануы да сондықтан.

Нұртілеу Иманғалиұлы – бая­ғы сал-серілердің сарқыты се­кіл­ді. Ноқтаға басы сыймаған қан­ша­ма сал-сері жойдасыз жүйенің, сығымдаған саясаттың ырқында кетті. Қазақтың жақсы қасиет­терін бойына сіңірген, өмірде тіршілік қағидасы ретінде бабалардың салған жолын ұстанған мұндай перзенттерді ел-жұрт сүйеді. Қадірлейді. Ардақ тұтады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.