Home » Мақалалар » Семей  ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл.

Семей  ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл.

Ғазиза  Мерекеқызы     
№102 ЖББМ
орыс тілі мен әдебиеті  пәні  мұғалімі

Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген – Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толды . Бірақ, сынақтар тоқтаса да, зардабын адамзат осы уақытқа дейін тартып келеді.  Қауіпті аймақ Ертіс өзенінің сол жағалауында, Семей қаласынан 130 шақырым жерге салынды. Тек 1949-1963 жылдары жалғыз Семей полигонында сынақтан өткізілген жарылыстардың күші Хиросимаға тасталған ядролық бомбадан 2500 есе жоғары болған екен.  40 жылдан астам уақыт ел аумағында 460-тан астам ядролық сынақ өткізілген. Оның ішінде ауада, жердің астындағы жарылыстар Қазақстанға үлкен зардабын тигізді. 1,5 млн-нан астам адам радиация ортасында қалды. Мыңдаған сәби ауру болып туылды, өмір бойы арбаға таңылғандары қаншама. Өзен, көлдер тартылды. Қаншама  гектар жер жарамсыз күйге түсті. Талай жанға қасірет әкелген Семей полигонындағы соңғы сынақ 1989 жылдың қазанында болған.  Арада аттай 30 жылға жуық уақыт өтсе де радиацияның уыты әлі күнге дейін шашылып келеді. Жыл сайын алғаш ядролық сынақ өткізілген 29 тамыз күні «Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні» болып атап өтіліп келеді.
Тәуелсіздік алысымен елдің бірінші мақсаты ядролық қарудан бас тарту болды. Алайда, ол шешім оңайға соққан жоқ.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей полигоны жабылып, «Невада-Семей» қозғалысы құрылған соң, әлемдегі бірқатар сынақ орындарының есігіне құлып салынды. 1989 жылдың ақпан айында белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің мұрындық болуымен Семейдегі атом полигонын жабуды мақсат тұтқан «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингі өткізілді.
Олжас Сүлейменовтің   бір ғана  ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы  ретінде  оның  Отанға, туған жерге, елге деген жанашыр  тұлға, елінің патриоты  екен сөзсіз  ұғуға  болады.   Оның  бұл әрекеті  әлемді дүр сілкіндірді. Туған елге  жанашыр перзент осындай болса керек. Елінің ертеңіне, халқының  болашағына  үлкен жауакершілікпен  қарап, осы жолда  өзін құрбан етуге  даяр азаматтар  көп болса деп  ойлаймын.  Қазақстанның ізін ала Украина мен Беларусь те қауіпті қарудан бас тартып, Лиссабон құжатына қол қойды. Бірақ, Семей даласында жасалған толассыз сынақ әлі мыңдаған жыл бойы өзінің зардабын тигізетін болады. Қауіп-қатерге қарамастан, полигон аумағында әлі күнге дейін адамдар өмір сүріп келеді.

Бүгінгі күні тарихқа бір назар аударсақ, Қазақстанның 70 жылдан артық уақыт бұрынғы Кеңес Одағының қол астында болып, сол өктем түзімнің құрбанына ай­нал­ғандығына, Отаны бола тұрып, Отансыз болғандығына көз жеткіземіз. Дүниежүзінде бостандықты армандамайтын халық жоқ. Ғасырлар бойы тәуел­сіздікті аңсаған, «мың өліп, мың тіріл­ген» қазақ халқының арманы 1991 жылы орындалды.  Талай қиыншылықтарды  бастан өткізген қазақ халқын шыныменде  «мың өліп, мың тірілген» , деп айтсақ артық емес.  Бір үзім нан тауып жеу арманға айналған, бір уыс бидайға  зар болған  ашаршылық кезеңі. Ауыздықпен су ішкен, етікпенен су кешкен  соғыс жылдары, аязды күнде мұз жастанған жастарымыз, я айта берсек  небір  қиын –қыстау кезезеңді бастан өткеріп келе жатқан халқымызға неткен төзімді, табанды, қайсар халық едің,- деп айтқың келеді. Лайым солай болғай,  Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.