Home » Айтарым бар » «Логика» бағдарламасы

«Логика» бағдарламасы

Абилкаирова Орынкуль Кабденовна
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының 

«№1 мектеп-гимназиясы» КММ
математика пәнінің мұғалімі

 

 

«Логика» бағдарламасы
(5-8 сыныптар)

Мақсаты: Оқушыларды логикалық есептерді шығарта отырып, олардың ойлау қабілетін арттыру, қоғамға сай білімді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:

  1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
  2. Қазіргі заманның басты капиталы білім екенін оқушыларға ұғындыру.

3.Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптарды, жаттығуларды соған қарай ұйымдастыру.

  1. Білімді меңгертудің әдіс-тәсілдерін түрлендіре жүргізу.
  2. Оқушылардың ой- өрісін дамыту арқылы саралау, талдау, топтау және қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

6.Оқушыларды табандылыққа, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа, өз бетімен еңбектенуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, әрекеттенуге баулу.

  1. Халқымыздың ұлттық құндылықтарын қастерлеуге, құрметтеуге және оларды көздің қарашығындай сақтауға үйрету.
  2. Оқушының бойындағы елжандылық, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын қалыптастыру.
  3. Адамгершіліктің ізгі қасиеттерін тәрбиеленушілердің бойына сіңіру.

Бағдарламаның меңгертудегі әдіс – тәсілдері: Оқыту барысында тест, сауалнама, өте қажетті материалды интернеттен, кітапханадан іздеу.

Өзектілігі: Қоғамның жедел дамуына байланысты жас ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін дайын дүниелер оқушыларды ойландыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуіне қол байлау болғаны жасырын емес. Сондықтан осы олқылықтарды болдырмаудың ең оңтайлы құралы «Математикалық логика» бағдарламасын енгізу болып табылады.

Күтілетін нәтиже: Егер де осы бағдарламаны жүйелі түрде жүргізгенде, жан-жақты дамыған, қоғамға лайықты жеке тұлға қалыптасады деп есептейміз.

Бағдарламаның болжамы:  Егер  оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, қоғамға сай білімді жеке тұлғаны қалыптастыруға  арналған бағдарламаның  мазмұны мен құрылымы  анықталатын болса, онда жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ұдайы әсер етіп отыратын ойлау үрдісі дамуына мүмкіндік туғызылады. Өйткені мұнда оқушылардың  келешекте логика пәні бойынша ұғымын,  білімін  кеңейтуге,  тереңдетіп оқуға жағдай жасалады.

Түсініктеме

Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі- оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын, шығармашылыққа қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан логиканы оқытуда оқушыларды оқу материалымен танысып қана қоймай, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Логикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті, жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының логикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, одан әрі дамытуға болады.

«Математикалық логика» бағдарламасында 5-9 сыныптарына  дейін қамтылған. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптар мен жаттығулар соған қарай ұйымдастырылды.

«Математикалық логика» бағдарламасы – оқушыларды логикалық есептерді шығарта отырып, олардың ойлау қабілетін арттыру, қоғамға сай білімді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында жүргізілетін сабақтар.

5 сыныпта цифрлармен есептер,қызықты арифметика, сандық ойындар, ребустар, жұп-және таққа есептер,бөлінгіштік белгілері,қалдықтарға есептер,шамаларды салыстыру, сиқырлы шаршылар, бағалар мен сандық қатынастар, пайыз есептеріне байланысты есептер шығартылады.

6 сынып оқушыларына  зейінді байқау, салыстыруға есептер, таразымен өлшеу, комбинаторика, мәтін есептер, логикалық есептер, қызықты есептер, қатынас және пропорция, уақыт, жылдамдық, жолға есептер, тест жұмыстары беріледі.

7 сыныпта  қарапайым сұрақтар, теңдеу құрмай шығару, заңдылықтар, бір жүрген жерді қайталамай, қатынастар, әділ бөлу, бірге жетеміз, тең бөліктер, байырғы есептер, тест жұмыстары жүргізіледі.

8 сыныпта  байырғы есептер, күнделікті өмірдегі логика, пиктограмма, цифрограмма, чайнворд, криптограмма, анаграмма, шрифтограмма, ой- жұмбақтар, таяқшалар, ғажайып шаршылар, палиндром, сан-го-ку, судоку, тест жұмыстары шығарылады.

Жеткіншек ұрпаққа сапалы да, тиянақты білім беріп, адамгершілікке, табандылыққа, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа, өз бетімен еңбектенуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, әрекеттенуге, елжандылыққа тәрбиелеу және оларды белілі бір пән саласына икемдеу- қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі.

Бұл оқушының жекелеген пәнді игерудегі жетістіктерін одан әрі тереңдетіп, сол пәнге деген танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтуге, ой-өрісін дамыту арқылы саралау, талдау, топтау және қорытынды жасай білуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін нығайтуға, тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына, қазіргі заманның басты капиталы білім екенін оқушыларға ұғындыру, ойлау үрдісінің дамуына да септігін тигізеді.

Математикалық логика пәні бойынша сабақтарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың қабілеттілік қырларын жетілдіруге  болады.

Оқушылардың келешекте логика пәні бойынша ұғымын жоғарлатып,  білімін  кеңейтуге,  тереңдетіп оқуға жағдай жасалады.

Логика дегеніміз – ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалалары ережелері туралы философиялық  ғылым.

Нақтылай айтсақ, логика пәні адамның ойлау процесін зерттейді. Ал ойлау- аса күрделі, әртүрлі астары бар процесс. Логикалық ойлау психологиялық, физиологиялық, философиялық ілімдермен бірге өрліп, қатар өрбиді.

Математикалық логика бағдарламасында пәнаралық байланысқа да үлкен көңіл бөлінген. Әсіресе есептер шығару барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша әріптер әлемінде, әріптерді санмен алмастыру, жаңылтпаштар, сөз жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар, қазақтың қара есептері; география пәні  бойынша жергілікті қазба байлықтары туралы мәліметтер, ребустар шешу, сөзтізбек құрастыру;  психология пәні бойынша тестер, көру, зейін, қабылдау, ес, пікір, ұғым т.б. тақырыптар, тапсырмалар; еңбек пен бейнелеу пәндері бойынша суреттерді аяқтау,  белгілі тақырыпқа байлынысты ойын жинақтап салу, суретерді  бояу, салыстыру; математика пәні бойынша дәлелдеу, қызықты есептер, есеп ойындар, қызықты шаршылар, салыстыру, жүйелеу; ән-күй пәнімен өлең есептер, сандарға байланысты өлеңдер арқылы байланысын аша түсуге қол жеткіземіз.

Логикалық ойлау порцесін, ең алдымен, дүниені танып-білудің, қоршаған ортадағы заттармен құбылыстардың ой-санада бейнеленуі деп қарастырылған дұрыс. Сонымен қатар, сол бейнелену арқылы дұрыс формалары мен заңдары, ережелері қалыптастырылады.

Математикалық логика пәні оқушылардың бойындағы ойлау қабілетін, халқымыздың ұлттық құндылықтарын қастерлеуге, құрметтеуге  және оларды көздің қарашығындай сақтап, дамытып қана қоймай, сонымен қатар психологиялық мүмкіндіктерін ашуға да жағдай туғызады. Оқытушы жеке тұлғаның бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіре отырып, оның логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыруды өзінің міндеті деп санайды.

 Мазмұны.
Матемтикалық логика бағдарламасы оқушылардың  негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдетеді, қоршаған ортаман таныстырып, ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелейді. Сана – сезімін ұштап және өзін-өзі бақылай білуін қалыптастырады

5-8 сыныпта ғажайып шаршылар, сандық ребустар, палиндром, сан-го-ку, судоку,  ребус, ой-жұмбақтар, крассворд, қазақтың байырғы есептері ,пиктограмма, цифрограмма, чайнворд, криптограмма, анаграмма, шрифтограмма, ұғым, пікір , қарастырылады.

Сандық ребустар– сандары әріптермен немесе белгілі бір символмен алмастырылған матемтикалық өрнек, көбінесе қарапайым теңдік болып келеді. Сандық ребустарды математикалық ребустар деп те атайды.

Палиндром кері айналдырылған деген мағынаны береді. Солдан оңға және оңнан солға қарай бірдей оқылатын сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Палиндром екі жағынан симметриялы болады.

Сан-Го-Ку– өте оңай логикалық ойын.

Судоку- жапон ойыны.  Ойында цифрлар пайдаланылады. Бір қарағанда қиын болып көрінгенмен, қарапайым ережені біліп алғаннан кейін оп-оңай.

Цифограмма – ойлау қабілетін шыңдайды. Алғырлыққа баулумен бірге, адамдардың есте сақтау мүмкіндігін жетілдіруіне көмектеседі. Сондықтан да ол аса төзімділікті, табандылықты талап етеді. Өйткені, кейбір цифограммалардың кілті оп-оңай табыла салмай, біраз уақытты алатыны анық. Әрине, шытырман есептердің, цифрлардың жауаптарын табу үшін ойынның құпия қырына, жұмбақ сырына тереңірек үңілу қажет.

Криптограмма –  қазір де жұрт арасына өте кең тараған қызықты әрі аса күрделі жұмбақ. Бұл ойынның ежелгі түрі мынадай жолдармен жасалынған. Криптограммаға мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, атақты адамдардың ұлағатты лебіздері, тәрбиелік мәні зор сөз тіркестері мен салиқалы сөз орамдары алынады.

Шрифтограмма – қызықты да тартымды ойын түрі. Ол ең алдымен тапқырлыққа қағілездікке үйретеді. Одон да бұрын әуелден білетін таныс әрі бейтаныс жайларға жіті көңіл бөлуге бейімдеп, зерделі ой сараптауға қалыптастырады. Шрифтограммаға жеке сөздер, әйгілі адамдардың ғибратты сөздері, халықтың мақал- мәтелдері алынады. Жұмбақталған сөздердің құпия кілтін табу үшін түрлі тәсілдер қолданылады.

Ребус дегеніміз – «бейнелі сөз» деген ұғымды білдіреді. Бұл бір жағы әзіл ойын саналғанда, ондағы сөздерді суреттермен, әріптермен, цифр- таңбалар, алуан белгілер арқылы көрсетіледі.

Ой – жұмбақтар дегеніміз –  шытырман жұмбақтар, құпия сөздер, шешуі қиын есептер, астарлы әріптер, психологиялық және логикалық жаттығулар.

Кроссворд дегеніміз – тоқылған сөздерден құралған жұмбақ.  Ол өзара қиылысқан тор көздерді белгілі бір сөздермен толтыру арқылы құрастырылған жұмбақ- ойын.

Чайнворд – тізбектелген, жалғанған сөздерден құрастырылатын жұмбақ- ойын. Ол  негізінен белгілі бір тақырыпқа ғана арналып жасалынады.

Қазақтың байырғы қара есептері– ата–бабамыздың өзінен кейінгі ұрпақтарына үлкен аманат жүктеп, ойлы, шешімді, зерделі, табанды, бір сөзбен айтқанда,ұлтжанды болуын мақсат еткен. Осы есептерді  шығара отырып, қазақтың бай мәдениетінің, оның ішінде салт – дәстүрінің, әдет – ғұрыптарының тағыда бір қырынан толық мағлұмат алатыны ақиқат.

Кейбір оқушылар күрделі  мәселелердің шешімін оңай тауып жатады, ал кейбіреулер күнделікті жай тапсырмалардың шешуін таппай, тығырыққа тіреліп жатады. Ол үшін оқушыны іздемпаздыққа ұмтылдырып, шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып, танымдық қабілеттер мен басқа да қасиеттерді оқушының бойындағы әдеттері мен икеміне қарай дамытуға болады.

Ал ең бастысы, жеке-дара ойлануды әдетке айналдыру қажет, дұрыс шешім қабылдаудың әртүрлі жолдарын іздеу керек. Бұл қасиеттер оқушының өмірде жетістіктерге жетуіне жетелейді.

Пәнаралық байланыс

Математикалық логика бағдарламасын жүргізуде пәнаралық байланыстың атқаратын рөлі ерекше. Яғни оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуға әр пәннің аясында білім бағдарының қосар орны зор. Сондықтан бағдарламаны жүргізу барысында, төмендегідей пәндермен байланыстыра жүргізуді басшылыққа алдым.

– Қазақ тілі мен әдебиетпен (әріптер әлемінде,әріптерді санмен алмастыру,жаңылтпаштар, сөз жұмбақтар, мақал- мәтелдер, ұлттық ойындар , қазақтың қара есептері);

–  Географиямен (жергілікті қазба байлықтар  туралы мәліметтер, ребустар шешу, сөзтізбек құрастыру);

–  Психологиямен ( тестер, көру, зейін, қабылдау, ес, пікір, ұғым т.б. тақырыптар, тапсырмалар);

–  Еңбек пен бейнелеумен  (суреттерді аяқтау,  белгілі тақырыпқа байлынысты ойын жинақтап салу, суретерді  бояу, салыстыру);

– Математикамен (дәлелдеу, қызықты есептер, есеп ойындар, қызықты шаршылар, салыстыру, жүйелеу);

– Ән-күймен ( өлең есептер, сандарға байланысты өлеңдер)

13 комментариев

  1. Салтанат

    Саттилик тек алга

  2. Бауыржан

    Осындай саналы Мұғалімдеріміз көп болса екен. Өнегелі тәрбиелі ұрпақ көбейер еді. Балалармен тығыз байланыста болатын Мұғалімдер қажет бізге Орынкүль сияқты.

  3. Орынкүл Қабденқызы, сәттілік!

  4. Керемет. Өте танымды және пайдалы вариативті бағдарлама. Оқушының догикалық ойлауын дамытуға үлкен септігін тигізеді.

  5. Ботакөз

    Қазіргі уақытта балалардың логикалық ойлау қабілеттерін төмен ,олар өздерінің ойларын жеткізеде алмайды.Міне осы қасиеттерді жетілдіруге өте жақсы бір көмек болар еді.Жұмыс өте жақсы жан-жақты қамтылған балаға түсінікті жасалған.Іске сәт!!!

  6. Нұргүл Аширова

    Қазіргі таңда “Логика” пәнінің бағдарламасы өте қажет. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда еңбегіңіз ерен екені анық. Жарайсыз, Орынкүл Қабденқызы!

  7. Керемет екен, сізге сәттілік тілеймін!

  8. Бағдарлама нақты, пайдалануға мүмкіндік бергеніңізге көп рахмет!

  9. Арайлым

    Рахмет! ?

  10. Айнаш Казкенова

    Бағдарлама оқушылардың логикалық дамуына тиімді құрастырылған.

  11. Сәттілік! ???

  12. Ансаган

    Керемет! Сәттілік!

  13. Карлыгаш

    Орынкуль Кабденовна шығармашылық табыс тілеймін сізге, тамаша.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.