Қызылорда қаласы,
«Baiterek school» жеке бастауыш
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қайнар Айсұлу Болатбекқызы
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс — тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің жаңа технологиялары дүниеге келуде. Жаңа технологиялық әдістердін оқушыларға тигізер пайдасы өте үлкен. Жаңа технологияны пайдалану барысында шәкірттердің ойлана білу қабілеттері дамиды, білім сапасы жақсарады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Елбасымыздың жолдауларында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Оқу адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық өзгерістерге айналуы деп түсіндіріледі.
Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның калыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.
« Даму » ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңғырту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский.
«Дамыта оқыту деп окыту мақсаты, міндеттері, әдіс — тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген окытуды» атайды.
Дамыта оқудың бала үшін пайдасы :
- Бала дамуының жақын аймағы – бұл тек үлкендердің көмегі арқылы аткара алатын істер.
- Бала дамуының кол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Дамыта оқыту мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
- шіден — дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді , оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді.
- шіден — дамыта оқытуда жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып , өзінің санасының саңылауларын ашады.
- шіден — оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті.
- шіден — дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы, оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңа қарым — қатынасы арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Осылайша дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде:
> оқушылар сабақтың мақсаты, міндеттерін өздері анықтайды;
> мәселені шешу жолын іздестіреді;
> жаңаны өздері табады;
> ақылдасалы, кеңеседі.
Қазіргі технологияда «миға шабуыл» модель, қорғату, оқу жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылып келеді. Соның ішінде дамыта оқу технологиясы тікелей баланы жан – жақты дамыта отырып, жеке басын, дүниетанымын ойлауына жеке негізделген. Дамыта оқыту мақсаты :
- Оқушы субъекті, яғни ол өзін — өзі дамыта алады
- Баланың қабілетін, ларынын дамытуға ықпал жасайды
- Білім дайын күйінде ұсынылмайды , бала тыңдаушы , мұғалім информатор емес, керісінше бала зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір проблема ситуацияны шешу іс — әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Дамыта оқытудағы басты іс — әрекет диалог, пікірлес , пікірталасы.
Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс – әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт бір мақсатқа бағыттаушы.
Міне, осындай жүйелер арқылы «Өзіндік даму» жүзеге асады . Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жуйелері қалыптасады. Яғни, дамыта оқыту жеке тұлғаның барлыкқ қасиеттерінің дамуына бағытталады.
Дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш бөлікке бөледі:
- «Теория» — өзін — өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп бағдарламасына енгізілген.
- « Практика » — өзін -өзі жетілдіруді іс жүзіне асыра білу. Бұл іс — әрекет сабактан тыс уақытта.
- « Әдістеме » — ғылыми негізін жасауда өзін — өзі дамыта оқытудың әдісі мен кұрылымын жасап, жүзеге асыру.
Осы үш бөлікті бір жүйеге келтіріп, мектептерді өзін — өзі жетілдіру сабактарын өтсе болады. Дамыта оқытудағы негізгі мақсат: жеке тұлғаның өзін — өзі жетілдіру және өзін — өзі басқара алатын механизм кұрып, адамгершілік танымдық қасиеттерін дамыту.
Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы.
Оқушы танымы: өзі анықтап, еркін, өз ұққаны бойынша іс – әрекет ету. Өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін — өзі тануын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалык руханилығын керек етеді, оның балаға деген сүйіспеншілігі мұғалім мен оқушы арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен мінезін ашуға мүмкіндік береді. Осы бағыт бойынша бастауыш сыныпта оқушыларды қызықтырып, өзінің жасаған жұмысына өзі баға беріп, қорытынды шығара білуге дағдыландырудың маңызы зор деп ойлаймын. Ол үшін өз бетімен орындалатын қызықты тапсырмалар беру керек. Мәселен дамыта оқытуды математика сабағына байланысты қарастырсак.
Мыс : «Сиқырлы сөзді тап» ойыны
Ы 50 * 2 = 100
A 90 * 5 = 450
С 100 * 6 = 600
K 10 * 9 = 90
H 80 * 4 = 320
Д 70 * 3 = 210
Есептің мәнін дұрыс шешсе, шыкқан есептің мәнін өсу ретімен оқыса дұрыс жауабы шығады.
Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
- Уакыт үнемделеді.
- Сабақтың сапасын көтеріледі.
- Оқу әдісімен құралдарын таңдауға мүмкіндік береді.
- Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, оқу үлгерімі көтеріледі.
Жана әдіс — тәсілдерді қолдану:дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді, өз — өзіне сенімділік қалыптасады, білімді өз бетімен алуды үйренеді, оқушының шығармашылық қабілеті дамиды, ғылым мен техниканы пайдалана отырып, ой — өрісі кеңейеді.
Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, білімнің берік іргетасын қалауы қажет.