Home » Мақалалар » Кел, балалар, ойнайық! Ойнайық та ойлайық!

Кел, балалар, ойнайық! Ойнайық та ойлайық!

Умиева Назира Сабитовна
«Павлодар қаласының
№ 24 жалпы орта білім
беру мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Сабақ берген кезде ойын элементтерін қолдану сабақтың тиімділігін сөзсіз арттырады. Ол оқыту барысында оқудың бай материалдарын жақсы меңгеруге, сөйлеу әрекетінде сөздік қорды жан-жақты дамытуға, логикалық ойлауын және оны тілдік қолданыста дұрыс пайдалана білуін дамытуға, интеллектуалдық әрекеттің қасиеттерін жандадыруға мүмкіндік туғызады.

Ойынды сабақтың барлық кезеңінде ойнатуға болады. Мәселен, жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде небір жақсы нәтижеге жетеріңіз анық. Өтілген материалды бекіту және қорытындылау кезінде оқушыларға бұрыннан таныс ойынды ойнату арқылы біз оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандыра түсетініміз айғақ.

Сүйікті сөздер. \Лексиканы қайталау.\

Тақтаға оқушы жақсы көретін сөзді жазу керек. Бұл сөзді неге жақсы көретінін, түсіндіру керек. Бұл сөз неге ұнайды: мүмкін әуезді дыбысталады, мүмкін бұл сөз оның достарының, қызықты оқиғаны, мезгілді, есте ұзақ сақталып қалған қызықты кезеңді еске түсіретін шығар.

Сөзді суретке салыңдар. \Лексиканы бекіту үшін.\

Оқушының қолындағы ақ қағазға жаңа сөзді не сөйлемді жазыңыз немесе оқушының құлағына бір сөзді жылдам айтыңыз. Оқушы жаңағы сөзді тақтаға жазады немесе ым, ишара арқылы сөз мағынасын түсіндіреді, қалған оқушылар қандай сөз екенін табуы керек.

Дауыссыз дыбыстарды оқу. Оқушы терең тыныс алады және дем шығарған кезде бір қатардағы 15 дауыссыз дыбыс оқиды.

БТМПВЧФКҚНШҢЛЖЗЦ

ҚКВМСПЛБШҒРДБЛСТ

ВМРГҚТБДЗЩЗБЧВҢ

ФЩМЖДШҺЧМКПБРВС

ПТКЗРМВДГҒБФҚЗРЧ

Жылыту. Мұрын арқылы дем алу, ауыз арқылы дем шығару.

Дем алу, деміңізді ұстау, дем шығару.

Тыныс алу, бөліктеп дем шығару.

Тыныш және қалыпты оқу.

Арқа арпа

Арта арда

Арла арца

Арса аржа

Дауыстап және жылдам оқу

Бар-тар-қар

Ел-жер-бер

Сөзді екіге бөлу. 3-тен 10-ға дейін сөзді алады, олардың әрқайсысы екі шағын картаға жазылады. Мағыналы сөздерді алу үшін оқушыға карталарды жылдам бүктеу ұсынылады. Күрделік нұсқада жазылуы жағынан ұқсас сөздер ұсынылады.

Бұл ойын жеке фрагменттегі бүкіл сөз туралы болжам жасау және оның жетіспейтін фрагментін дереу растау қабілетін дамытады. Бұдан басқа сөзді қорытындылайтын көзқарас қалыптасады.

Жаңылтпаштар.

Хакім хат ашып отыр, хат ашып, шатасып отыр.

Жағажайды жағалай, жүгіреді Қамажай.

Класста ақ бор бар, көк бор бар, көп бор бар.

Тақпақ жатта, жатқа жатта.

Ошақта от жоқ, шоқ тап, от жақ.

Бұл, бұл-піл, бұл бір ірі піл.

Тұз – мұздай, мұз- тұздай.

Ерді ел елер, ер елге еркелер.

Тапқыр. \Көрсетілген сөздерді мәтіннен іздеңіз.\

Оқушы 1-3 сөзді мәтіннен тез табуы керек. Басында бұл сөздер көрнекі түрінде беріледі, ал кейінірек ауызша \айтылу\ беріледі, берілген сөздер мәтінде бірнеше рет кездескені жөн болады. Бұл жаттығу сөздердің тұтас бейнесін алу қабілетін қалыптастырады, сонымен қатар ауызша есте сақтау қабілетін дамытады.

Тізбектік ассоциация. Әрбір қатысушы алдыңғы ойыншы айтқан сөзге ассоциация ойлап табуы керек, қайталанбай ұзын тізбекті жасайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.