Home » Мақалалар » Қазақ тілі мен әдебиет сабағында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық  сауаттылықтарын арттыру

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық  сауаттылықтарын арттыру

Хайруллина Мадина Дженисовна
«Павлодар қаласының
№ 24 жалпы орта білім
беру мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек» деген. [1]

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар                           ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындап отыр. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. [2]

Қазіргі кезде Қазақстанда жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.

Жаңа ғасырда жаңа заманға лайық тұлға ретінде қалыптасқан, өз көзқарасын жүйелі талдай білетін өз өміріне қоршаған ортаға сын көзбен қарайтын жеткіншек жастарды даярлау – біздің ұстаздық парызымыз. Мектебімізде қызмет жасайтын әдебиет пәні мұғалімдерінің міндеті дарынды оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл, дарынды тұлға қалыптастыру. Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, танымдық қызығушылығымен, әдемілікті сезіне білумен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны «ХХІ ғасырда нені оқыту керек? және де  екіншісі ол да маңызы жағынан еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды?» деген сұрақ төңірегінде біршама ілгерілеу жұмыстары іске асырылуда. Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыруға жол іздеуді алдыма мақсат қылдым. Ол үшін әр сабағымда түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы іске асыруды жоспарладым.

Белсенді оқыту басты назарды «процеске», яғни үйрену процесінің өзіне, тыңдаушылардың «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренгендігіне» аударады. Мұндағы мақсат — тыңдаушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігінен білім игеруінде, оны құрастыруында.

Белсенді оқу – шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласын қамтып, оқудың бұл таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады.

Америкалық психолог Карл Роджерс 1960 жылы жарияланған өз зерттеулерін «жеке тұлғаға бағдарланған» терапияда қолданды және Дьюи оқыту кезінде қатысушы ретінде тәжірибе алу маңыздылығын мойындағандығымен, тығыз байланыста болатын бірқатар қағидаттарды әзірлеумен айналысты. Оқушылардың білім алу қажеттіліктері туралы Роджерстің тұжырымдамалары бүгінгі таңда «оқушыға бағдарланған оқыту» және «тәжірибелі» оқыту ретінде әйгілі болған тұжырыммен, білім беру саласындағы үдемелі қозғалысқа күшті ықпал еткен тұжырымдамалар мәндес болды. Жеке қағидаттарына адал болған ол өз қорытындыларын бірқатар мәселелер бойынша оқушылармен орнатқан тікелей кері байланысқа негіздеді. Оның 1960 жылдары жарыққа шығарған, оқыту саласындағы танымдық психолог және теоретик Джером Брунер бұл іске «экспериментальды» оқыту немесе «жаңалық ашу жолымен оқыту» идеясын әкелді. Ол Дьюидің оқушының тәжірибесі сыныпта қолданылуға тиіс екендігі туралы түсінігіне жаңа маңызды ой қосты. Брунер оқу үдерісі мен оқу пәнін бөлуге болмайтындығын атап өтті (1962).

Брунер теориясының ажырамас бөлігі «жаңалық ашу» және «егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзіне өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды (1962). Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арқасында: біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.

Өзектілігі:  Түpлi тaқыpыптap бoйыншa oй-пікіpлepін cыни тұpғыдaн aйтa білyлepі оқу сауаттылықтарын арттырады.

         Болашақтылығы:  Коммуникативті  дағдыларды басшылыққа  алып  оқыту  функционалды  сауаттылықты  қалыптастыруды  береді.

         Тәжірибенің жаңашылдығы:  Оқушыға бағдарланған оқыту,  білім беру саласындағы үдемелі қозғалысқа күшті ықпал еткен тұжырымдамаларға мәндес.

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық  сауаттылықтарын арттыру әдебиет пәні мұғалімдерінің міндеті. Дарынды оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл, дарынды тұлға қалыптастыру.

Әр сыныптың ерекшелігін ескере отырып,  сабақ жоспарлау барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға тырыстым. Негізгі көздеген мақсатым оқушылардың айтылым дағдысын дамыту. Ол үшін мынандай әдістерді қолдандым: «Джигсо» – көркем шығарманы оқып, әр оқушы өзі оқыған бөлікті топ ішінде түсіндіреді. «Әңгімені жалғастыр» — бұл оқушы қиялын шарықтату деңгейіне жеткізеді. «Фишбоун», «Екі жеке күнделік», «Кубизм» т.б. әдістерді үнемі жандандыру қолданысында пайдаланып отырдым.

Нәтижесінде оқушыларда ілгерілік, айтылым дағдыларының жақсарғаны, яғни, өз ойларын еркін, толық жеткізуге үйренді.

Мен көбінесе оқушылармен бірлесіп, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлдім. Оқушылар бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:

  • Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;
  • Жиі-жиі ой талқысын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;
  • Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;
  • Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;

Жаңаша жаңғыртып оқыту, белсенді әдістер, жаңа технологиялар тіл үйренушінің танымдық, білімдік белсенділігін тудыруға, уәждемесін тудыруға бағытталған. Бірақ бұның бәрі оқытушының  шеберлігіне байланысты, оқытушы  үнемі ізденісте болуы қажет. Мұғалім жұмысты ұйымдастыра білуі қажет: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, оқушының әрекетін бақылау және бағалау, мұғалім шәкірттердің кеңесшісі болады. Тyындaғaн мәceлeнi шeшyдe ұcтaз қызмeтiндe oқытyдың зaмaнayи әдіc-тәciлдepi шeшyші pөл aтқapaды.

Қойылған мәселелер оқушылар үшін  мәнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін. (Дж.Дьюм,2000) [3]

Ұлы ақын Абай Құнанбаев: «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» — демекші,  ұстаз үнемі ізденіс үстінде болады. Оқушы бойына оқу, тоқу арқылы мұғалімдік шеберлігін танытады.  Жаңа әдіс арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың  шығармашылық  әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану ұстаздың біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жандүниесі сенім мен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын. Қашан да білімді ұрпақ-болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры — жас ұрпақтың қолында болса, ұрпақтың тағдыры-бүгінгі ұстаздардың қолында.

Бүгінгі күннің талабы  күннен-күнге жаңарып даму үстінде. Соған орай болашақ ел тұтқасын ұстар ұрпақтарымызды сапалы да, белсенді оқытуда Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары «қалай білім алу керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі  дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстануда»

Міне, сол мақсатта дайындалған «белсенді оқу» əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының жобаға еніп, ұстаздар  қауымына  жаңартылған білім беру бағытымен танысу, жаңа серпіліс берді.

Белсенді оқу əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының бірізділігі, белгілі бір жүйелі білім беру бағытын көздейді. Бұл белсенді оқыту стратегияларының құрамына мыналар кіреді:

«оқушылардың зерттеу іс-əрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру», «оқушылардың жеке, топтық жəне тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «оқу үшін бағалау» қағидаты бойынша оқуға қолдау көрсету».

Белсенді оқу оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі əдіс-тəсілдер арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Олар:

  • оқушының жеке пікірін тыңдау;
  • оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық жəне логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;
  • оқушылардың  оқу  мақсаттарына қол  жеткізуі  үшін тиімді əдіс- тəсілдерді ұсыну жəне үлгісін көрсету;
  • əртүрлі стиль мен жанрдағы жазба жұмыстардың үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер беру арқылы жазба жұмыстарын орындауды үйретеді);
  • оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» жəне «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;
  • оқушылардың  пəн  бойынша  меңгерген  біліміне  жүйелі түрде мониторинг жүргізу;

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2007 жылғы 28 ақпан
  2. МАН Екінші (негізгі) деңгей© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012
  3. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.