Республикалық IQANAT олимпиадасына БҚО-дан барған 47 оқушының 12-сі жеңіс тұғырынан көрінді.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat республикалық бағдарламасы – қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын іргелі, ұлттық оқу орындарына және шетел университеттеріне түсулеріне қолдау көрсету, ынталандыру. Бағдарлама бойынша Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетелдің бастаушы жоғары оқу орындарына грант және шәкіртақымен түсуге мүмкіндік бар.
Биылғы 7-11 мамыр аралығында Қапшағайда ұйымдастырылған республикалық IQANAT олимпиадасына еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы қатысты. Солардың арасында батысқазақстандық білімді шәкірттер де бар. 47 жерлесіміздің 12-сі үздік нәтиже көрсетіп, ұстаздарының мерейін өсірді. Атап айтар болсақ, 9 оқушы Бурабайдағы IQANAT мектебіне грант ұтып алса, 2 оқушы edu.iqanat.kz платформасындағы олимпиада жүлдегерлері атанып, тағы бір оқушы тіл мамандығы бойынша жеңімпаз атанды.
Грант ұтқан оқушылар қыркүйек айынан бастап Бурабайдағы IQANAT мектебінде білім алатын болады. Сонымен қатар облысымыздан 12 оқушы резервте тұр.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі