Home » Мақалалар » Тәуелсіздік- тәңір берген тәтті сый

Тәуелсіздік- тәңір берген тәтті сый

Алматы қаласы   Жетісу ауданы
№108 жалпы білім беретін мектептің
биология  пәнінің мұғалімі
 Жанатқызы  Айгерім

Тәуелсіздік – тәңір сыйы. Қазақтың басты байлығы да – бостандық. Бодандықтан босап, бәсекеге қабілетімізді арттырдық. Бәйгеде топ жарып жүрміз. Жарыстан жүлдесіз қайтпадық. Әлемнің қақ төрінде әнұранымыз шырқалды. Осыдан асқан бақыт бар ма?! Ата-бабаның арманы да осы емес пе?! Көш жүре түзеледі. Береке мен бірлік бар жерде, кемшіліктер де өз орнына ығыса жатар. Бүгінгінің жастары қиындықпен келген тәуелсіздіктің туын жоғары көтеріп жүруі керек. Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін біз секілді жастар қауымы байрақты төмен түсірмесі анық. Ата-бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты ұрпақ өсіп келе жатыр. Тәңірден келген тәтті сыйдың еңсесін биік ұстау өз қолымызда. Ендеше, көк туымызды көк аспанда мәңгі желбіретейік.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.