Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№108 ЖББ мектептің
9″В» сынып оқушысы
Асенов Самат.
Тұғырына қыран қонған байрақпын,
Егеуіне мұқалмаған қайрақтың.
Желтоқсанның ызғарында мерт болған,
Алмас қанжар Сабирамын, Қайратпын.
Жүк көтерген, ту көтерген күн бүгін,
Арайланып атып жатыр нұрлы күн.
Төгілген қан, аққан адал жаспенен,
Сақтап қалды қазақ ұлы бірлігін.
Рухты ұл,құрбан болды қыздарым,
Сақтап қалды тайсалмастан ізгі арын.
Дінін -ділін бермей кетті жат елге,
Көрсе-дағы Желтоқсанның ызғарын.
Ата-баба салт дәстүрін сақтаған,
Тектілікпен ұрпақтарын баптаған .
Ешкімге есе бермей кеткен бабамыз
Тәуелсіз ел болғаныма мақтанам!