Home » Мақалалар » Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті сый.

Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті сый.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№108 ЖББ мектептің
10″Б» сынып оқушысы
Еркінова Ақмарал.

Жаныма дауа,

Өзіңнен ғана,

Отаным сенен табамын.

Қалықтап арман,

Күтеді алдан,

Шырқалған сенде бал әнім.

Отаным дедім,

От әнім дедім,

Көтере берем даңқыңды.

Қанатты қақтым,

Тұлпар боп шаптым,

Қадірлей білдім нарқыңды.

Жазып дастанға,

Мәңгі аспанда,

Қалықтар қайсар қыраның.

Тергені ақыл,

Бабасы батыл,

Еліңді қорғар ұланың.

Шығып жайлы үнің,

Қонақжайлығың,

Шалғайдан анық білінер.

Тәуелсіз азат,

Азат пен Қазақ,

Егіз ұғымдай көрінер.

Дәміңді достың,

Аузына тостың,

Қонаққа бердің сыбаға үйіп.

Белес белімнің,

Нұрлы елімнің,

Шын мәртебесі бұлттан да биік.

Аштыққа көндің,

Аязға тоңдың,

Өлеңмен ғана жылынып.

Қайсарлым, тектім,

Мың шүкір еттің,

Оның өзі бір ұлылық.

Ұрпағың дүлдүл,

Бағыңда бұлбұл,

Тоқтатпасын сайрауын.

Жыр болсын еншім,

Желбірей берсін,

Биікте әркез байрағың.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.