Home » Мақалалар » Тәуелсіздік -тәңір берген тәтті сый.

Тәуелсіздік -тәңір берген тәтті сый.

Алматы қаласы Жетісу ауданы
108 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сейдахметова Ж.Е.

Тәуелсіздік -тәңір берген тәтті сый.

Өткенімізге көз салсақ сүрлеуі мол соқпақтармен, ой-шұңқыры, қауіп-қатері көп көпірлерден де өтіппіз. Еңбектеген баладан еңкейген қарияларға дейін ел еңсесін көтерген бұл күн баршамызға бағалы, мән-мазмұны терең мейрам. Кешегі қысылтаяң уақытқа, дәрменсіз қалған кезеңіне көз салып, бүгінгі шаттығы мол шаңырақта еркін отырған заманға бір қараған адам тәуелсіздіктің «Тәңір берген тәтті сый» екенін ұғынары рас.
Тәуелсіздік-бабалар аңсауы
Тәуелсіздік-ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең
Тәуелсіздік-бабалар қанымен келген ұлы сый
Тәуелсіздік-бізге және жас ұрпаққа аманат, асыл қасиетті сый
Қаншама ғасыр, жылдар бойы батыр бабамыз аңсап келген күн сол күні туды.Бұл деген қазақ елі үшін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашу болды.
Барлығымызға белгілі, бұл күн оңайлықпен келмеді.
— Ашаршалық
-Қуғын-сүргін
-Ұлы Отан соғысы
-Ұлы желтоқсан оқиғасы. Бұл бергі жағы. Тарих қойнауын ақтарсақ, көзге еріксіз жас,көңілге ерекше сезім келеді.

Міне, бүгін Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 30 жыл.

Тереземіз теңесті, көк туымыз көкте желбіреді. Шаңырағымызды шаттық биледі. Бұл күн бізге төгілген тер, қайрат пен күш-жігердің арқасында келді. Елбасымыз сонау 1991 жылдың 16 желтоқсанын Тәуелсіздік күні деп жариялағанда алып дала төсін сағыныш араласқан қуаныш, шаттық кернегені де бар еді.

Тәуелсіздік – асыл бабаларымыздың сан ғасырғы арман-мұраты. Осы жолда олар жанын құрбан етті.

Өйткені, тәуелсіздікпен бірге біз ана тілімізбен, ата дінімізбен қауыштық. Салт-дәстүріміз жаңғырды. Кешегі құбылмалы заман көшінде дін ілімін тарату емес, үйренудің өзі қылмыспен тең болды. Осындай қан мен тердің, ерік пен жігердің арқасында жеткен тәуелсіздігімізді сіз бенен біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Бүгінде Қазақ елі сан ұлттардың басын бір шаңырақ астында біріктірді. Ұлтаралық достық мен қоғамдық келісімді нығайтты.

Тәуелсіздігімізді баянды, құтты етсін. Ел үшін маңызды құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болғай!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.