Home » Білім және тұлға » Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті сый.

Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті сый.

Бексұлтан Дарын.
Алматы қаласы
Жетісу ауданы
№108 ЖББ мектептің
11″А» сынып оқушысы

Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті сый.

Бабалардың сан ғасырлық арманы,
Тәуелсіздік елімізде орнады.
Қасқа жолы Қасымханның кешегі,
Бүгінгінің нұрлы жолын жалғады.
Қайран менің,бабаларым ардағым,
Ел қорғауда шаршамадың талмадың.
Сен аңсадың өзің жете алмаған,
Ұрпағыңның егемен ел болғанын.
Шүкір бүгін біздер жеттік биікке,
Көк туым бар көрген жанды сүйсінткен.
Көк бөрінің ұрпағымыз кешегі,
Көк аспанды қара жерге иіткен.
Біз қазақтар мойындаттық баршаны,
Қаншама ұрпақ осы күнді аңсады.
Ең соңғысы желтоқсанда Қайраттай,
Ұлдарының қыршын кетті жас жаны.
Болсадағы саясаттың ызғары,
Ыстық жүрек талай талай мұздады.
Елдік үшін айтқанынан қайтпады,
Ләззаттайын қайсар қазақ қыздары.
Қазақ елім ұлы елім аяулы,
Қабағыңа түспесін мұң қаяулы.
Тәубе етемін Тәңірімнен тек соны,
Тәуелсіздік болсын мәңгі баянды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.