Home » Мақалалар » Тәуелсіздік- тәңір берген тәтті сый

Тәуелсіздік- тәңір берген тәтті сый

Алматы қаласы , Жетісу ауданы
108 ЖББМ мектептің 10″Б» сынып оқушысы
Тогаева Аружан

Алтай мен Атырау айшылық алыс жерді мекендеген,тұрымтайда топтасып ұшқан торғайдай тұғырлы жұртымыздың һәм тұла бойды түршіктіріп, тұра шапқан жауды тұншықтырған »Тәуелсіздік» сынды ұлы ұғыммен қауышқанымызға биыл отыз жылдың жүзі болыпты. Қан сасыған ауыл маңында, желтоқсанның ызғарлы желі өңменінен өтіп, жау жағадан алып, бөрі етектен тартқылаған қиын заманда қаншама боздақ қыршынынан қиылды. Бізді осы Тәуелсіздіктің ақ таңымен қауыштырған осынау боздақтардың көкірегіндегі жанған үміт, көзіндегі от, жүректегі еліне деген ыстық ілтипаты. Осы ыстық ілтипат, патриоттық сезім қаншама жыл қазақтың көгінде үйірілген қара бұлтты сейілтіп, күн сәулесінің шуағын шашты. Бұл Тәуелсіздіктің алтын шуағы. «Сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара балалап, жазда мал баққан қазақтың басы қайда қалмаған ?!» деп айтқан. Шалкиіз жыраудың ішкі мұң-шері осыдан отыз жылғы қазақтың күнін нақ сипаттайды. Ол күндер де артта қалды. Мақсатымыз бір, мүддеміз айқын, болашағынан күттірер үміті зор, өткенінен өкініш арқаламаған бүгінгі Қазақстанның жайы осы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.