Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды.
Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. 2020-2021 оқу жылында «Алтын белгіге» 430 оқу озаты үміткер болып отыр.
Биыл 11 (12)-сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. Ал емтихан жұмыстарының қорытындысы 12 маусымға дейін шығарылып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі бекітіледі.
2020-2021 оқу жылында облыста 111 мыңға жуық оқушы мектептерде білім алса, олардың 6 мыңға жуығы 11 (12)-сыныпты аяқтайды.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі