Home » Мақалалар » Сыбайлас жемқорлық – келер ұрпақтың болашағына балта шабумен тең.

Сыбайлас жемқорлық – келер ұрпақтың болашағына балта шабумен тең.

Курманбаева Талшын Турдакиновна
Аға тәлімгер
№102 жалпы білім беретін мектеп

Ең алдымен сыбайлас жемқорлық дегеніміз не деген сұраққа тоқтала кетсек.

Сыбайлас жемқорлық – (лат. corruptio — сындыру, құрту, бүлдіру) қоғам игілігі мен мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіретін, жеке мақсаттарға жетуге олжа, артықшылық алу үшін мемлекеттік билікті, лауазымды, мәртебені асыра пайдалануда көрінетін этикалық және құқықтық бұзушылықтардың жиынтығы бар әлеуметтік құбылыс.

Жемқорлықтың көп түрі бар:

  • Парақорлық
  • қоғамдық тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді заңсыз алу
  • тамыр-таныстық
  • жеке бас пайдасына жету мақсатында заңдар мен ережелерді әзірлеу кезінде ықпал көрсету.

Сыбайлас жемқорлық сөзінің өзі сындыру, құрту, бүлдіру екенін ескерсек , келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін пара алмау, пара бермеу қоғамның әрбір мүшесінің жауаптылығы .

Білім беру мекемелерінің өзекті міндеті :

  • Оқушыларға құқықтық тәрбие беру
  • Оқушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті білім беру
  • Оқушыларға құқықтық тәрбие тұрғысынан сауаттылыққа баулу
  • Сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы екенін түсіндіру
  • Пара алған адам да, пара берген адаммен бірдей жауапты екенін ұғындыру

Жетысу ауданы,  №102 жалпы білім беретін мектептебінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу басты міндет мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»  жұмыстары «Өзін өзі басқару» ұйымы мен мектеп аға тәлімгері Курманбаева Талшын Турдакиновнаның жетекшілігімен төмендегідей іс шаралар өтілуде.

Атап айтсақ:

  • «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында 8 – 11 сынып оқушылары арасында «Үздік эссе» байқауы ұйымдастырылып, үздік жұмыстар жүргізілді.
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 337 хатына сәйкес жасөспірімді тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында №102 ЖББМ «Жоғалған әмиян: оны қайтару қай елде ықтималдығы жоғары» атты  9 – 11 сынып оқушылары арасында онлайн челенджін  жалғастырды.
  • ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» туралы тәрбие сағаттары жүргізілді.
  • «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында сыбайлас жемқорлықтың жағдайы туралы 9 -11 сынып оқушыларының ойын зерттей отырып, сауалнама жүргізілді.
  • «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарына сәйкес 9 -11 сынып арасында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі» туралы заңын насихаттау мақсатында балалармен жұмыс жүргізілді. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» ұранымен насихат қорытындыланды.
  • «Ақиқат» дебаттық клубының мүшелері «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат – пікір сайысы ұйымдастырылып, жүргізілді.

Ең бастысы алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану арқылы салауатты қоғамның дамуына өздерінің  үлкен үлесін қосатынын түсіндіру.

Ұрпақ тәрбиесіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінгі күннің өршіп тұрған күрделі мәселе. Балаларға жемқорлықтың алдын-алу, пара беру , пара алудың дұрыс емес екенін ұғындыру. Пара алмай, пара бермейтін қоғам ғана дамып, алға басатынын түсіндіру бұл ұлағатты ұстаздарға жүктелген міндет. Пара алмай, пара бермеудің басты қағидалары әр адамның жауаптылығында екенін балаларға түсіндіру.

Балалардың білімге ұмтылып, жетістікке өз еңбегімен жетуді мақсат етуін, еңбекпен келген жеңістің тәтті болатынына басымдық беруді үйрету.Сапалы қоғам бұл саналы қоғам. Ал , өскелең ұрпақ қазіргі қоғамның басты мүшелері. Қоғамның дамуы елдің дамуы екенін ескерсек, келер ұрпаққа білімді болуды насихаттау ұстаздардың жұмысы .

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа  қарсы көзқарасын қалыптастыру бұл ұзақ әрі тынымсыз еңбек. Өскелең ұрпақтың тәрбиесін өзіне міндет еткен ұстаздар салауатты қоғам қалыптастыру жолындағы  тынымсыз еңбектеріңізде толағай табыстар тілеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.