Қуандықова Айгерім,
«Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көшпенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен.
Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған. Шығыс елдерінің кезіндегі күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан.
«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр.
«Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында» атаулы күнге орай «Амал келді, Жыл келді!» атты мерекелік жиын өтті.
Мейрам күніне арналған мерекелік бағдарламада мектебіміздің басшысы Гүлмира Сәбитқызы, мектеп ұжымымен оқушыларды көрісу күнімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.
Татулық пен мейірімділіктің нышанына айналған жиында оқушылар ән айтып, мектеп өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, қатысушы қонақтардың қошеметіне ие болды.