Home » Балабақша » Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға арналған байқау өтті

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға арналған байқау өтті

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ана тіліне деген қызығушылықты қалыптастыру, оларды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге баулу, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ықпалдастықты нығайту, қазақ тілі педагогтерінің үздік тәжірбиелерін жинақтау және тарату мақсатында ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұйымдастыруымен ақпан-наурыз айларында «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерімен шеберлік сыныптары байқауы өткізілді.

Байқау үш кезеңде өткізілді:

1- аудандық (қалалық);

2 — облыстық;

3 — республикалық.

Республикалық кезеңге 14 өңірден өтінімдер (Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары және Алматы, Шымкент қалалары) келіп түсті.

Байқау ережесіне сәйкес арнайы комиссия құрылып, бағалау критерийлері бойынша қатысушылардың бейнероликтері қаралды. Бейнематериалдың сапасы, шеберлік сыныпты өткізу орнының ұлттық нақышта безендірілуі, педагогтың сөйлеу мәнері, көрнекі құралдардың қолданылуына сайкес ең үздік педагогтер анықталды.

Бас жүлде — Жукенова Гульшара Сагымбаева жоғары санатты педагог, еңбек өтілі 31 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы «Алтын бесік» бөбекжай балабақшасының педагогі.

I орын — Алиева Эльмира Айдархановна педагог-модератор, еңбек өтілі 11 жыл, Қызылорда облысы білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің

«Айналайын» бөбекжай- бақшасының педагогі.

II орын — Кабылкакова Индира Гализатовна педагог-сарапшы, еңбек өтілі 5 жыл, Алматы облысы, Талдықорған қаласы №45 «Арман» балабақшасының педагогі.

III орын — Кадирсизова Айдана Аскаровна бірінші санатты педагог, еңбек өтілі 7 жыл, Алматы қаласы №185 бөбекжай-балабақшасының педагогі.

ІІІ орын — Тлегенова Айгуль Уразбаевна педагог-зерттеуші, еңбек өтілі 17 жыл, Павлодар облысы, Ақсу қаласы білім беру бөлімі «Айналайын» сәбилер бақшасының педагогі.

Республикалық кезеңде орын алған жеңімпаздардың бейнематериалдарын «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.rc-dd.kz сайтынан, сондай-ақ орталықтың әлеуметтік желідегі парақшаларынан көре аласыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.