Home » Мақалалар » Берекелі, мерекелі алтын күз!

Берекелі, мерекелі алтын күз!

  Касенова Нурзада Мауеевна
  Жамбыл облысы
Меркі ауданы Меркі ауылы
 «Балдырған» бөбекжай-бақшасының
тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді түсіндіру. Балалардың шығармашылық, қызығушылықтарын арттырып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің күз мезгіліндегі ең тамаша «Беркелі, мерекелі күз!»  атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға «Құлпынай» мектепке дейінгі ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! (Әсем музыка ырғағымен балалар залға кіреді.)

Балалар, біз бүгін мынадай әсем залға қай мерекені қарсы алуға келдік?

Бүгінгі ертеңгілігіміздің құттықтау сөзін балабақшамыздың меңгерушісі Эльмира Қарабайқызына берейік.

Балалар: «Алтын күз» мерекесін.

Жүргізуші: Жамарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық.

Хор: «Кап, кап, тук, тук, тук»

Балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ол кім болды екен?

(Музыка әуенімен залға Күз ханшайымы кіреді.)

Күз ханшайымы: Алтын түске боялды,

Тау мен қырда, дала, түз.

Келдім міне ортаңа,

Менің атым Алтын күз.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ алып келдім. Жұмбақты шешесіңдер ме?

Бұтаққа ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

Ашулы қонақ бұл анық,

Тонын шешсе жыладық (Пияз)

Сырты қатты,

Іші тәтті (Қарбыз)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!

Жүргізуші: Балалар, күз мезгілі туралы тақпақтарымызды Күз ханшайымына айтып берейік.

Жантөре: Если на деревьях

Листья пожелтели,

Если в край далекий

Птицы улетели,

Если небо хмурое

Дождик льется,

Это время года

Осенью зовется.

Даяна: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.

Бақдәулет: Алақай, алақай!

Шаттанды балақай,

Күз түсті, дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Елнұр: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай тартар бал дәмім.

Мына тәтті бал дәмді,

Дастарханға арнадым.

Мадина: Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы ән айтып

Құс кетті қайтып.

Фарангиз: Қарашы күз келді, күз келді.

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Амина: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Жүргізуші: Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр — сыбдыр етеді, — деп  жапырақтар биіне кезек берейік.

Би: «Жапырақтар»

Күз ханшайымы музыкамен қыздарға жапырақтар таратады. Қыздар күз ханшайымымен  бірге «Жапырақтар» биін  билейді.

(Марьям, Амина, Даяна, Мадина, Фарангиз, Аделя)

Күз ханшайымы: Тамаша биледіңдер жарайсыңдар қыздар!

Жүргізуші: Ой, балалар, бізге тағы қонақ келе жатыр қараңдаршы. Бұл кім екен? Сайқымазақ.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мереке құтты болсын. Мен сендерге мерекеге арнап ойындар алып келдім. Қане ойын ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Кім  жылдам»

Шарты: Балалар жемістер мен көкөкністерді екі себетке бөліп жинайды.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар, сендер жеміс пен көкөністерді ажырата алады екенсіңдер.

Сайқымазақ: Балалар, менде тағы ойын бар. Қане ортаға үш бала келіңдер.

Ойын:  «Өз түсін тап»

Шарты: Жапырақты өз түсімен сәйкестердіру керек, және жапырақтың түсін үш тілде атап, санап береді

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ән салып

Хор: «Жапырақ, жапырақ»

Жүргізуші: Астық-жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз — мың алғыс.

Алдық өнім сыйыңды,

Қараңдаршы, балалар, бізге бақташы ата келді. Сәлеметсіз бе, ата қош кенлдіңіз.

Бақташы ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендердің мерекені тойлап жатқандарыңды естіп,  немере қызым екеуміз сендерге «Жемістер мен көкөністер» биін ала келдік.

Би: «Жемістер мен көкөністер»

(Нұрдәулет, Дінмұхамед, Жантөре, Бақдәулет, Елнұр, Мансұр)

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер — дей келе Амина қызымыздың жеке әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Осен, осен!»

Тәрбиеші: Құрметтіғ қонақтар, бүгінгі «Құлпынай» тобының бүлдіршіндерінің күз мерекесіне арналған «Берекелі, мерекелі алтын күз» атты ертеңгілігі аяқталды. Қош сау болыңыздар! Күз мезгілі берекелі болсын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.