Home » Мақалалар » Тәуелсіз елім – Қазақстан

Тәуелсіз елім – Қазақстан

Имагамбетова Жадыра Есенгалиевна
Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы
Өркен ауылы
«Өркен «мектеп – бөбекжай-балабақша кешені»
КМК тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру. Ол неге аталып өтіледі? Оның қандай рәміздері бар? Ол бізге неге ыстық?

Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан» туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.

Тәрбиелік іс-әрекеттің көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар, интерактивті тақта. Тақтада тақырып пен желтоқсан құрбандарының суреттері. Олардың астында гүл шоқтары мен шарлар.

Блингвалдық компонент: Менің Қазақстаным — Мой Казахстан — My Kazakhstan, Отан – Родина — Homeland

Іс-әрекет кезеңдері

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың «Тәуелсіз елім — Қазақстан» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын! Еңдеше ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. (Балалар ән ырғағымен залға кіреді.)

Сәлемдесу рәсімі

Армысың, алтын күн,

Армысың, Жер Ана,

Армысың, көк аспан,

Армысың қонақтар,

Армысың, достарым!

Әнұран айтылады.

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.

Айару: Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кні бар.

Тәуелсіз ел – Қазақстан,

Көркіне көркі жарасқан.

Даниял: Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым,

Мұңы біліп өтемін.

Жастілек: Отаным менің Қазақстан

Қарызбын саған әрқашан

Азаматтық борышты

Өтеуге мәңгі талпынам.

Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсан қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ляззат Асанова сынды апа-ағаларымыз ерлік көрсетті. Оларға үлкен айып тағылды. Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің жандардың көрінісінен үзінді тамашалаңыздар.

Көрініс

1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған түн.

16 желтоқсан –

Тәуелсіздік туған күн.

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысындар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсындар.

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (Балалар тақпақтарын айтады)

Айрат: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Нұрлыхан: Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні — бұл

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні – бұл

Сәуле: Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

Жарайсыңдар, балалар!

Балаларымыздың «Қара жорға» биін қарсы алайық.

Слайд-шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.

1 минут үнсіздікпен еске алу

Осыдан 30 жыл бұрын 1991 жылы 16 желтоқсан күні – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Міне, балалар, бұл біздің қысқа ғана тарихымыз. Жоғары сыныптарға барған сайын елімізді өткені туралы әлі де көп біліп, үйренесіндер. Ал енді айтыңдаршы, Егемендігіміздің белгісі нелер?

Рәміздеріміз. Ту, Елтаңба, Әнұран. Тудың түсі көгілдір, ортасында күн, күннің астында қыран құс, оң жағында қазақтың ою-өрнегі.

Ән: «Мен ауылға барамын».

Балалар, жарайсыңдар! Өздерің Отаңдарынды қалай сүйетіндеріңді дәлелдеп бердіңдер! Осылай еліміз, жеріміз гүлдеп, жайнай берсін!

Айару: «Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл»

Жастілек: «Туған жерге туынды тік»

Айрат: «Опасызда Отан жоқ»

Нұрлыхан: «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі»

Сәуле: «Отанды сүю отбасынан басталады»

Даниял: «Отан – оттан да ыстық»

Шыңғысхан: «Ел іші – алтын бесік»

Олай болса, балалар, «Көк тудың желбірегені» әнін бірге тамашалайық

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Ал, құрметті қонақтар, осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағы да мейрам құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін.

Сау болыңыздыр! Досвидание! Good bye!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.