Home » Мақалалар » Тілім менің – тірегім

Тілім менің – тірегім

Абатова Маржан Канатбековна
Жамбыл облысы
Меркі ауданы
Меркі ауылы
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының
тәрбиешісі 

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер, мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті түсіндіру. Туған жерді сүюге, қадірлуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

Армысыздар, құрметті балабақша ұжымы мен балғын бүлдіршіндер. Сіздерді Қазақстан халқының тілдері мерекесімен құттықтаймыз.

Алаулаған алыбына нұр тамып

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып

Көк байрағың желбірейді төрінде

Ән ұраның тұр төрінде  шырқалып  (гимн орындалады)

Жүргізуші: «Тілім менің-тірегім»  атты мерекеміздің  құттықтау сөзін   балабақша меңгерушісі Какибаева Эльмира Қарабайқызына береміз

Жүргізуші: Құлақтан  кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең  менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берейік.

Ән «Ана тілім»  хор

Жүргізуші: Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің — дей келе бүгінгі мерекеге арналған балаларымыздың өлең шумақтарына кезек берейік.

Ақсұлу: Туған тілім — бабам тілі — өз тілім,

Туған тілім — анам тілі — өз тілім.

Туған тілім — далам тілі — өз тілім,

Туған тілім — адам тілі — өз тілім.

Раяна: Өсірген ой, білімді,

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Нұрым: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың, елдігің.

Нұрай: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Самолет суреті көрсетіліп, музыкасы шығады.

Маша:  Сәлеметсіздер ме,  бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, біздің Отанымыз Қазақстан, біз орыс ұлты болсақ та,  қазақ тілінде жақсы көреміз,  құрметтейміз өйткені ол біздің мемлекеттік тіліміз.  Орыс халық өкілдерінен өз биімізді сіздерге тарту етеміз.

Би: «Калинка»   орыс биі

Жүргізуші: Балалар, бізге   қонақ келе жатқан сияқты,  қане  бәріміз қошеметпен қарсы алайық.  Музыка әуенімен залға  Тазша бала кіреді

Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін білесің бе?

«Ханталапай»

«Қыз қуу»

«Тақия тастамақ

«Сақина салу»

«Ақсерек-көксерек»

Тазша бала: Сендер  біраз ұлттық ойындар атауларын біледі екенсіңдер, Ұлттық ойындардың қандай пайдасын айтып өтейін? Ойын тек адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл-ойыныц толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.

Ойын:  «Қыз қуу»

Тазша бала:  жарайсыңдар, балалар, сендер   ұлттық ойындарды ойнауды біледі екенсіңдер,  сендер сияқты  басқа да балаларға барып ұлттық ойындар ойнайын.

Жеке ән:  Тобымыздың  сымбатты қызы Раянаның орындауында ән.

Музыка әуенімен залға Әже кіреді.

Әже: Сәлеметсіздер ме, балалар, құрметті қонақтар. Сендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын  естіп,  сендерге қонаққа келдім.  Бұл жерге ұлт өкілдері де келіп қалыпты, қандай керемет.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, әже  Біздің мерекеге  қош келдіңіз! Жоғары   шығыңыз.

Әже:  Рақмет, қалқам

Жүргізуші: Әже,  мерекеге арналған балаларымыздың өлең шумақтарына тыңдаңыз.

Әліби:Ана  тілім елдігім

Ана тілім ерлігім

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін

Диана:Есть у каждого языка

Что родной навеки

Без родного  языка

Нету человека!

Саяна: Мы поем  и  говарим

С самого рождение

И к родному языку

Есть большое

Д.Адина: Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған

Әже: Сендер, балабақшада қазақ тілімен қатар орыс тілінде жақсы меңгерген екенсіңдер.

Жүргізуші: Әже, балалар тақпақтарды жақсы айтады және де биді де нақышына келтіре әдемі билейді.

Би: «Қамажай»

Әже: Ой, өнерлерің үстем болсын, қазақтың «Қамажай» биін керемет биледіңдер.Ал, сендер мақал-мәтелдер білесіңдер  ме?

1.Шешеннің тілі артық

Шебердің қолы артық

2.Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады

Әже:  жарайсыңдар, балалар.

Жүргізуші: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.Осымен «Тілім менің-тірегім» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға көп рахмет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.