Home » Мақалалар » Қуант бізді, Жаңа жыл!

Қуант бізді, Жаңа жыл!

Джубанова Улбала Марксовна
Атырау облысы
Мақат  ауданы
Доссор кенті
 «Сандуғаш» бөбекжай
балабақшасының тәрбиешісі

 

Жаңа-жыл мерекесіне арналған ертеңгілік сценарий

«Күншуақ» ортаңғы топ

Дайындаған тәрбиеші:   Джубанова У.М

Саз жетекшісі: Демалысова .Ш.Ж                                           

Би жетекшісі:  Әділғазиева.Г

                                        

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Күншуақ» ортаңғы тобында!

(балалар келіп шыршаны айналып тұрады) Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен куттықтаймын!

Ән: Шырша, Шырша.

Қарақшы:(қылышымен сермеп) Балалар, мында не сұмдық болып жатыр, бәрін іліп-іліп тастағансыңдар.

Қандай мереке тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Жаңа жыл мерекесін.

Қарақшы: Ал мені, мені мына «Мені» неге мерекеге шақырмайсыңдар?

Жүргізуші: Қарақшы сен ашуланбашы, сен оданда карашы біздің балаларымыз әдемі болып келіпті. Киімдері қандай әдемі. Бізбен бірге Жаңа жыл мерекесін тойла. Жаңа жыл да келіп қалыпты.

Қарақшы: Олай болса мені неге бірінші шақырмайсыңдар?

Сол үшін мына шыршаларыңды шауып-шауып өшіріп тастаймын деп

(қылышымен ара-бері сермеп) ашуланып.

Жүргізуші: Сен оданда балалармен ойын ойнасаң қайтеді.

Қарақшы: Қайсы қарайын қандай балалар екен?

— Қарайды.

— А мына балалармен ойнасам болады екен.

Менің бір сүйікті ойыншығым бар «Қоңырау» деген.

Ойын шарты: Балалар дұрыстап тыңдап алыңдар. Мынау менің сүйікті қоңырауым. Қазір әуен ойнаған кезде барлықтарың ортаға шығып би билейсіңдер. Әуен тоқтаған кезде отыра қалып көздеріңді жұмасыңдар. Сол кезде мен мына құмыра ішінде бір баланы жасырамын. Ал сендер кім жасырынғанын тауып аласыңдар. Жақсы ма, келістік пе?

Ал ендеше ортаға келіңдер, би билейміз. 1-2-3 би билейді. Әдемі әуен  жүреді.

Балалар кім жасырынып қалғанын табады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Қарақшы: Сендер сондай ақылды екенсіңдер достарым. Шын досты тани біледі екенсіңдер. Не деген мереке, не деген әдемі балалар. Рахмет сендерге.

Жүргізуші: Сен бізге ренжімейсің бе?

Қарақшы: Жоқ, ренжімеймін. Бірақта келесі жылы мені шақыруды ұмытпаңдар.

Балалар: Ия. Қол шапалақтап шығарып салады.

Ән: «Шырша»

Жүргізуші: Балалар, дыбыс шығатын секілді.

Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Балалар: Сәлеметсіз бе, аққала.

Аққала: Мен сендерге хат әкелдім.

Жүргізуші: ,Ой бұл хат кімнен болды екен?

Аққала: Кім сендерге сыйлық беретін?

Балалар: Аяз ата.

Жүргізуші: Дұрыс балалар. Мен сендерге хатты оқиын.

«Мен сәл кешігіп келемін, сендер мерекені менсіз тойлай беріңдер депті»

Жүргізуші: Аққалаға рахмет айтып би билеп, тақпақ айтып  берсек қайтеді.

Ән: Елочка.

Балалар: Билеп тақпақ айтып береді.

Ерсұлтан: Аппақ тоңға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардын

Аяз ата оралып.

Дамира: Новый год, новый год.

Нам подарки принсет

Муслима: Бақша іші мереке

Ойын күлкі береке.

Мансур: Аппақ, аппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан.

Амира: Жаңа жыл армысың

Асқар тау қарлы шың.

Асылым: Аяз ата кеп қалды,

Көтере алмай көп қарды.

Нұрәділ: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Мөлдір: Төрле, төрле жаңа жыл.

Бізге құтты жыл болсын.

Айсана: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ата-әже құтты болсын жаңа жыл.

Сұлтан: Аяз ата келіп тұр

Бізге кәмпит беріп тұр.

Аққала: Тамаша керемет. Балалар, өте жақсы билейді екенсіңдер. Менің қайтатын уақытым келді.

Балалар: Қоштасады.

Аққала: Балалармен қоштасады.

Жүргізуші: Бізге кім келуші еді?

Балалар: Аяз ата мен Акшақар біздің даусымызды естіп жатырған болар.

Аяз атамен ақшақар келеді.

Амансыңдар ма, ұлдарым.

Амансыңдар ма, қыздарым

Қандай әсем жырларың

Қандай жарқын жүздерің

Асулармен алысқан.

Асау жермен жарысқан

Аяз ата сендерге

Сыйлықпен келді алыстан.

Ақшақар: Салеметсіңдер ме, балалар.

Сүйсіндірер талайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзіңнен

Күміс сәуле тарайды.

Жүргізуші: Аяз ата, қараңызшы біздің шыршамызды өшіріп кетті. Шырша шамын жағып бересіз бе?

Аяз ата: Жағайын шамдарыңды. Балалар, келіңдер, шам жағуға көмектесесіңдер ме? Сиқырлы сөзді білесіңдер ме?

Қуан бізді  таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.Тағы да қайталайды.

Жүргізуші: Шыршамыз әдемі болып кетіпті.

Ақшақар: жұмбақ жасырады. Қызыл мұрын, ақ мұртты. Білсең атын тез ата? (Аяз ата)

Ақшақар:  Жарайсыңдар балалар.

Жүргізуші:Әуелетіп әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Би билейік бәріміз.

Ақшақар биі: Қыздар билейді.

Балалар тақпағын жалғастырады.

Аниса: Новый год! Новый год!

В гости елочка придет.

Дед Мороз и зайки

Принесут подарки.

Азиза: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Ақниет:Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Али: Жаңа жыл, жаңа қадам, жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт.

Амина: Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым.

Раяна: Жолын қойдық жарық қып, шыршаларға шам іліп.

Азиз:Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Нартай: Здравствуй Дедушка Мороз!

Отдохни немного

Ты большой мешок принес

И устал с дороги.

Аяз ата:Балалар, сендер биді жақсы билейді екенсіңдер. Мен сендермен ойын ойнағым келіп отыр.

Ойын шарты: Мұздатам, мұздатам деп қай жерді көрсетсе таяқпенен сол жерді балалар жауып қалу керек (құлақ, мұрын, көз,аяқ)

Аяз ата: Сиқырлы таяғымен  1-2-3 сыйлығын осы жерге шақырады. Сыйлық дорбада өзі келеді (ішінде кішкентай адам бар) шыршаның артына жасырынады.

Балалар:Таңырқап қалады.

Аяз ата: Ақшақар ұста ана сыйлықты.

Аяз ата: Қорықпаңдар, балалар.

Балалар: Ия — деп күледі.

Ақшақар: сыйлықты акеліп береді.

Аяз ата: Балалар сыйлығын таратып береді.

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Қош сау болыңдар. Құрметті  балабақша бүлдіршіндері  Жаңа жылда   отбасымыз аман болып, денсаулығымыз мықты болсын — дей отырып бүгінгі «Қош келдің, Қуант бізді, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.