Home » Мақалалар »  «ӨРЛЕУ» АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

 «ӨРЛЕУ» АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Скакова Биби Арғынбаевна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ тренері,
Тараз қаласы

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұдан шығатын қорытынды — қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы ретте мектеп — үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім екені естен шығаруға болмайды. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Ал жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі т.б. қасиеттері.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ қалыптасқан стереотипке жаңаша келіп, жас түлек – болашақ мамандардың да біліктілігін арттырып, болашаққа дайындау ісін қолға алды. Ондағы негізгі мақсат – болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін арттыру және  уүлкен потенциалдық мүмкіндіктермен беру.

Бүгінгі таңда, елімізде педагогикалық жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі міндет, білім беру сапасын арттыру болып табылады. Оның шешу бағыттарының бірі жаңа стандарттарға көшу қажеттігін болып саналады. Осы ретте педагогикалық ЖОО студенттерінің әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты және оның бірден-бір жолы студенттердің кәсіби білімін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар жаңа білім ғасырында теориялық білімді терең меңгерген, жаңа технологиямен қаруланған, жан-жақты білімді, білікті бітіруші, келешек мұғалім ғана еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады. Осыған орай, болашақ педагог мамандарды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау мақсатында 13 және 24 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның үздік жаттықтырушылары еліміздің бас педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 4-курсын бітіруші 1 500 түлек-студентін  оқытуды бастады.

Аталмыш ЖОО түлектері үшін бұл үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны, критерийлік бағалау, формативті бағалау кезінде рефлексия және кері байланыс әдістері бойынша 20 сағат қарқынды тәжірибелік дайындық болады. Сонымен қатар сабақты құрылымдау алгоритмі, сабақты жоспарлау тәжірибе жүзінде игеріледі.

Қазіргі кезде үздіксіз білім беру үдерісінде болашақ мамандарды дайындауда – болашақ жас мамандардың өз бетінше жаңаша жұмыс істеу қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті маман дайындау алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады. Сондықтан бұл «Өрлеу» БАҰО» АҚ бастамашылық еткен, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірлескен бағдарламаны әзірлеудің алғашқы тәжірибесі. Осы орайда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті басшылығына осы бастаманы қолдағаны және ЖОО-ның оқу жоспарына интеграциялану мүмкіндігін жасағаны үшін ризашылық білдіреміз!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.