Home » Мақалалар » Жолың болсын,  жас түлек!

Жолың болсын,  жас түлек!

Касымова Айжан Тойбекқызы
Алматы қаласы
№59 мектеп –гиназия директоры


Жолың болсын,  жас түлек!

«Аялаған алтын ұя мектебім», – деп ,кеше ғана  тарыдай болып  кірген, бүгін болашағынан үлкен үміт күттірген таудай азаматтарымызды  үлкен өмірге қанаттандырып отырмыз!!!

Әр баланы қолынан жетектеп алғаш мектепке алып келгенде  ата – аналардың жүрегі қалай толқыса,  ұлағатты  ұстаздың   алдына  үлкен үміт пен  арман арқалаған шәкірттеріміз 11 жыл бойы алған білімдерінің жетістігін жетелеп, ата-аналарының үмітін  арқалап,   бүгін мектеп бітіріп, үлкен өмірге қанат қағып барады. Баланың жеткен жетістігі – ата-ананың абыройы, келешекке деген үміті.  Ал ұстаз үшін он бір  жыл бойы  білім нәрімен сусындаған  оқушы білімі –  оның көрсеткіші. Жетекшілік етіп, өз баласындай  көрген оқушы жетістігіне  ұстаздарының да  жүрегі  дәл  ата-ана  көңіліндей  толқып тұр.

Ұстаз үшін әрбір оқушының  мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы мен ортаға алғаш бейімделуін  бақылап, қобалжығанда бірге  уайымдап, баланың  толқыған көңіл-күйіне  демеу болып,   бес саусағындай танып,  алақанында аялап, мәпелеп,  бәйгенің атындай  баптап, ыстығы мен суығына  төзіп,   мектеп бітіретін жылы сырлас досына  айналады. Шәкірт пен ұстаздың  арасындағы рухани  қарым- қатынас осылай қалыптасады. Шәкіртіне нұсқаушы бола білген ұстаз есімі ұлағатқа  айналады.

Биыл  біздің мектебімізді 65 оқушы жалпы орта білім курсын аяқтап  оқушы  отыр. Соның ішінде 9 оқушымыз  «Алтын белгі» төсбелгісі  иеленсе, 4 оқушы   «Үздік аттестат»  иегері атанды.

Мектеп абыройын асқақтатып,  «Алтын белгі» иегері атанған  оқушыларымыз түрлі деңгейдегі байқаулар мен  олимпиадалардың  жеңімпаздары. Көптеген ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда  жүлделі орындарды қанжығасына байлап,  мектебіміздің, ауданымыздың, қаламыздың абыройын асқақтатқан оқушылар.

Мектеп мерейін   үстем еткен, ата-ана үмітін ақтай білген шәкірттерімізге  ақ жол тілей отырып,  болашақта  үлкен маман иесі атанып, еліміздің  өркендеуіне өз үлестерін қоса берсін дегіміз келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.