Home » Жаңалықтар » ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ 

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО ПҚ БАИ-дың дәстүрлі өткізілетін байқауларының бірі «Ерекшелікпен тәрбиелеу: ізденіс, идеялар, жүзеге асыру» атты халықаралық қашықтықтан  байқауы.  Бұл байқау соңғы 7 жылда үлкен жетістіктерге жетіп, мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсынып келеді.

Байқау жыл сайын сәуір айында өткізіледі. Биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онлай түрде өтті.

Байқау заманауи педагогикалық тәжірибелерді әзірлеуге, қолдануға және таратуға қабілетті мектепке дейінгі білім берудің жарқын, шығармашылық мамандарын іздеу, қолдау және танымал ету мақсатында өткізіліп отыр.

Жыл сайын аталмыш байқауға бүкіл әлемнің мектепке дейінгі ұйымдарының талантты, креативті, шығармашылық педагогтары қатысады. Биылғы жылы Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінен (Молдова Республикасы, Приднестровье) және ТМД елдерінен (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы) 497 педагог білім беруде «ерекшелікті» тапты. Барлығы 5 номинация бойынша: «Менің елім, менің жерім», «Үздік басқару тәжірибесі», «Жаңа толқын», «NEO мүмкіндіктер», «Шекарасыз қашықтықтан оқыту») 356 жоба келіп түсті.

Келіп түскен жобаларды бағалау барысында қазылар алқасының назарына:  мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби құзыреттерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, білім беру процесінің әдістемелері мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мектепке дейінгі ұйым педагогы кәсібінің мәртебесін арттыру, қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім берудің кадрлық әлеуетін қолдау сияқты мәселелер басшылыққа алынды.

Байқау қорытындысы бойынша «Менің елім, менің жерім» номинациясы бойынша Асанова Венера Рафаиловна ШҚО, Бурлинский ауданы, Ақсай қаласы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы, Борисенко Ольга Эдуардовна (Молдавия), Жаркова Светлана (Россия г. Екатеринбург), Веремеева Ольга Александровна (Беларусь) бірінші орынды қанжығалады. Барлық номинациялар бойынша І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табысталды.

Жазира Көкбасқызы
«BILIM AINASY», СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.