Home » Жаңалықтар » Елордалық Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары туризмді дамытуға атсалысуда

Елордалық Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары туризмді дамытуға атсалысуда

Елордалық Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары туризмді дамытуға атсалысуда

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану ғылыми-зерттеу экспедициясының үздік зерттеу жобалары анықталды.

Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен ішкі мәдениеттің қыр-сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.

Жобаларды әділ бағалау үшін қазылар алқасы құрамына Елбасы кітапханасы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі, республикалық Ұлттық музей, «Ұлы Дала скауттары» қоғамдық бірлестігі, «BilimInvest» Ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және бірнеше ғылыми институттардың өкілдері, сондай-ақ ЮНЕСКО сарапшылары кірді.

27-30 қыркүйек аралығында беделді әділ-қазылар 300-ге тарта шығармашылық жұмыстарды бақылап, әділ бағасын берді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің атынан байқауға 12  жоба бойынша 19  оқушы өздерінің жобаларын қорғады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Тлеумуратин Жалғас «Маңғыстау облысындағы өндірістік жобалар мен туристік кешендердің дамуы» тақырыбындағы өз жұмысын көпшілікке ұсынды.
⠀Жас зерттеушінің айтуынша  қазіргі таңда дүниежүзілік сипат алып отырған туризм  саласы тек табиғатпен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің даралығымен де ерекше. Ал, бұл тұста біздің еліміздің тарихы мен табиғатына сөз табылмасы хақ.

˗ Менің жұмысымның басты мақсаты: Маңғыстау облысындағы өндірістік жобалардың жүзеге асырылуы мен өңірдегі туризм саласының қарқынды дамуын зерттеу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі – «сыртқы инвестициялар» болғандықтан, мен осы аймақта салынып жатқан жаңа Rixos Water World Aktau қонақ-үй кешені бастаған туристік проекттер мен идеялардың ҚР-на әкелер экономикалық, мәдени және әлеуметтік пайдасын көрсету. Өз басым еліміздегі өндіріс пен ішкі және сыртқы туризм салаларының дамуын қолдағандықтан, мен дәл осы тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізуді жөн көрдім!”,- дейді жас өлкетанушы.

Зерттеу жұмысы әділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

       Туризм жалпы алғанда, мемлекеттiң экономикасына оң нәтиже бередi және  шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,  төлем теңгерiмi мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасап,  халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседi. Осы тұста елордалық оқушының жобасы өте өзекті.  

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.