Home » Мақалалар » ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ    

ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ    

СКАКОВА БИБІ АРҒЫНБАЙҚЫЗЫ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ  жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының тренері, Тараз қаласы

Оқушылардың әлеуетін дамыту мақстында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек. Бұл ретте мәселен, Ұлыбританияда жасалған тәжірибені алуға болады. Онда 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология бойынша тапсырмадан тұратын күрделендірілген жобаға шақырылды, ол «Солтүстік Сомерсеттегі Хилл Форттағы темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен жұмыс» мақаласында сипатталған. Балаларға қрбылармен қарым-қатынас жасап, құрбылары қойып отырған мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды шешуге мүмкіндік берілді, соның көмегімен олар өзерінің білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтере алар еді.

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл-ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.

Дарынды жіне талантты оқушылар ерекше қажеттіліктері бар балалар ретінде зерттелуі тиіс екендішін мойындаумен қатар, «дарынды» және «талантты» деген санаттарды анықтауда жалғыз аспектіліктен көп аспектілікке қарай ойысу орын алды. Дарындылар мен таланттылардың жалғыз аспектілік анықтамасы бір ғана критерийге негізделеді-зият деңгейі және оның IQ балдары негізінде анықталуы. Әдетте, мұндай тәсіл оқушылардың жалпы санынан дарындылық пен таланттың аздаған пайызына дейін (шамамен 1-ден 3 пайызға дейін) анықтауға мүмкіндік бере алмайды. Ал көп аспектілі анықтамалар көптеген критерийлерге негізделеді және кешенді тәсіл қолданады, бұл ерекше қабілетті оқушылардың жалпы санынан анағұрлым жоғары пайызды (мәселен, 10-нан 15 пен пайызға дейін) анықтай алады. Заманауи анықтамалар оқушылардың кез келген пайызын дарынды немесе талантты деп бөлуден қашқақтайды, өйткені осы түсініктерге байланысты өлшемдерді түсінуде әр мектептің ұстанымы әртүрлі болып отыр.

Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:

— қабілеттері ортадан жоғары;

— тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;

— жоғары деңгейлі шығармашылық.

Дарындылық пен талант түсінігін жалғыз аспектіліктен көп аспектілік тұрғыдан түсінуге көшу зияттың өзі не екенін түсінуде өзгеріс қажет екендігін меңзейді. Бұл енді біртұтас нәрсе ретінде емес, зияттың қырлары жағдайында қаралады. Зияттың қырлары идееяларын жақта
— Логикалық-математикалық;
— Лингвистикалық;
— Кеңісіктік;
— Музыкалық;
— Тұлғааралық;
— Тереңдетілген;
— Табиғи.
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін көрсете білсе, ал дәл осы кезде басқалары-өзін тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективті себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болмаған шығар.

Ал қалғандары әртүрлі себеппен үлгере алмайтындардың санатына жатқызылып, немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.