Home » Абайтану » АБАЙДЫ ТАНУ – ҚАЗАҚТЫ ТАНУ

АБАЙДЫ ТАНУ – ҚАЗАҚТЫ ТАНУ

Несібелі Нұргалыева,
«Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ,
бастауыш сынып мұғалімі.

 

«АБАЙДЫ ТАНУ – ҚАЗАҚТЫ ТАНУ»

«Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге»

Абай.

            Бүгінде ақыл-ойдың алыбы, қазақтың бас ақыны атанған Абай Құнанбайұлының шығармашылығын зерттеп, оларды жас ұрпаққа насихаттау кезек күттірмейтін мәселе. ХІХ ғасырда өмір сүрсе де, әлі күнге дейін маңызын жоймай, қайта уақыт ағымымен жаңара түскен құнды туындыларды жас ұрпақтың санасына сіңіру мәселеге айналып отырғаны жасырын емес. Абайды әлемге заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов танытса, Әуезовтың шәкірті Зейнолла Қабдолов тілшілердің «Қазақтың ХХІ ғасырға қалай барғанын қалайсыз?» деген сауалына: «Әрбір қазақ баласы Абайдың өлеңдерін ұғып, тереңіне бойлап түсініп, құранның сөзіндей жаттап алса екен, өзінің иманына айналдырса екен. Қазақ жаңа ғасырға Абайымен барса екен.» деп жауап берген екен. Астарына үңілсек, жазушы сөздерінде терең мән бардай.

«Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында» Абай мұраларын насихаттаушы, «Абай әлеміне саяхат» клубы оқулығының авторы Сайын Назарбекұлының 80 жылдық мерейтойына орай, Абай шығармаларын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау мақсатында «АБАЙДЫ ТАНУ – ҚАЗАҚТЫ ТАНУ» атты шығармашылық кеш өтті.

Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған кеште, оқушылар ұлылықтың сырына қанық болып, Тау Тұлға өміріне саяхат жасады.

Сондай-ақ шәкірттерге Абай өмірі мен шығармашылығы бағытында бейнематериалдар көрсетіліп, кемеңгер тұлғаның қазақ поэзиясында күн шуақты асқар биігі саналатын өлеңдері оқылды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.