Home » Жаңалықтар » «Жас маман» жобасы жүзеге асуда

«Жас маман» жобасы жүзеге асуда

Орал политехникалық колледжінде әлеуметтік серіктестерге «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жаңа жабдықтарды таныстыру шарасы өтті.

Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруда «Жас маман» жобасы аясында әлеуметтік әріптестерді колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру, білім беру бағдарламасын жетілдіруге жәрдемдесу және оқу процесіне жаңа жабдықты енгізу мәселелерін анықтау мақсаты көзделді.

Жобаны бірлесіп қаржыландыруға жергілікті бюджет есебінен 5% көлемінде бюджет қаражаты көзделген. Жобаны іске асыру үшін колледжге 257402,3 млн. теңге қаражат бөлінген. Қазіргі уақытта Орал политехникалық колледжі оқу процесіне сатып алынған жабдықтарды енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Тұсаукесерге «Отделстрой», «Домостроитель», «ОралПолимер» сынды облыстағы ірі құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. Жұмыс берушілер сатып алынған жабдықтармен және тәжірибелік сабақтардың үлгісімен танысты.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ
«BILIM AINASY»
БҚО

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.