ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтмахамбетов сөзінде Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кешенді тестілеу мен түсу емтихандарын қосымша ұйымдастыратындығын айтқан болатын. Ондағы басты жаңалық тамыз айында игерілмей қалған грант екінші рет өткізілетін қабылдау байқауында жаратылады. Бакалавриатты аяқтап магистратураға құжаттарын уақытында тапсыра алмай қалғандар үшін, сондай-ақ шет тілін меңгергені туралы арнайы халықаралық деңгейдегі сертификаттарды алып үлгермеген немесе грантқа түсу мүмкіндігін жіберіп алған студенттер үшін жылына екі рет дәстүрлі түрде тамыз және желтоқсан айларында КТ өткізуді қолға алды. Бұл сүйінші хабар Солтүстік Қазақстан университетінде 1-15қараша аралығында іске асырылмақ. Осы орайда өзге де ЖОО-мен қатар Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті магистратура мен докторантураға құжат қабылдайды. Атап айтқанда мына бағыттар бойынша ниет білдірушілер білімдерін жетілдіре алады:
- Педагогикалық ғылымдар;
- Өнер және педагогикалық ғылымдар;
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат;
- Бизнес, басқару және құқық;
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;
- Ақпараттық коммуникациялық технологиялар;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар.
Жалпы магистратурада екі бағытта мамандар даярлайды. Нақты айтқанда, бейінді оқу мерзімі – 1 жыл және ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл. Оқуға түсу үшін тапсыратын құжаттар туралы https://www.nkzu.kz/page/view?id=42 сайтынан толық ақпарат ала алуға болады.
Журналистика мамандығы «PR-журналистика» және «Журналистика» бағытында білім беру бағдарламаларын ұсынады. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша (КТ және шығармашылық емтихандар) оқуға қабылдау үшін шекті балл 50-ден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар әр пән бойынша 7 балдан төмен болмауы шарт.
Кешенді тест тапсыруға қатысу үшін өтініштер 2021 жылғы 1 қараша мен 15-ші қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы қабылданады.Кешенді тесттің ақысы онлайн режимінде төленеді.
КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын пункттерде (Ұлттық тестілеу орталығы) өтеді. КТ нәтижелері бойынша тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық сертификат беріледі, ол ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.
Бұған дейінде әлеуметтік ғылымы магистрлерін даярлап келген «Журналистика» кафедрасына биыл 20 жыл толып отыр. Магистранттар қазақ және орыс тілінде оқиды. Бірқатар практик-журналистер аталмыш мамандықтың магистратурасын таңдап, білімдерін жетілдірумен келеді. Жаңа оқу жылында да таңдаудан тыс қалмаған мамандық «PR-журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдады. Мемлекеттік грант иегерлері атанып шәкіртақыға қол жеткізді. Білім беру бағдарламаларын игеруге кірісіп кеткен магистранттар Білім және Ғылым министрінің магистранттар туралы ережесімен танысып, соған сәйкес магистранттардың жеке жоспары айқындалады.
Биыл докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электронды форматта өтеді. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде қолданылды. Жаңа оқу жылына Солтүстік Қазақстан университеті 3 бағыт бойынша докторанттардың құжаттарын қабылдайды. Олар: бизнес, басқару, және құқық; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; Инденерлік, өңдеу және құрылыс саласы. Ұлттық тестілеу орталығы кешенді тестілеумен оқуға түсу емтихандарын желтоқсан айында жүргізбек. Биыл ЖОО-ға докторантура бойынша білім беру бағдарламаларының 6 бөліміне 14 грант бөлініп, олардың 7-і игерілді.
Олай болса ағымдағы жылда магистратура мен докторантура бойынша екінші рет бақ сынау мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Магистратураға түсу сұрақтары бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесі, 114, №6 оқу ғимараты, ауд. 118
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7152) 493037
Жұмыс тәртібі: 9.00 — ден 18.00-ге дейін.
Саурбаева Ә.Ж.
М.Қозыбаев ат.СҚУ,
«Журналистика» кафедрасы