Home » Білім және тұлға » БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН БА?

БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН БА?

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында «жазғы айларда мектепалды даярлықты күшейту» міндеті қойылған (92-тармақ).

Сондықтан  мектептер жанынан жазғы кезеңде 1 қыркүйектен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын және ата-аналарының қалауы бойынша 1 сыныпқа баратын мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балалар үшін «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру ұсынылады.

5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң,  лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады ( ҚР «Білім туралы» Заңы 30-бап).

Дайындық курстарының мақсаты бірінші сынып оқушысының  бейімделуін қамтамасыз ететін, балалардың бастауыш мектепте оқуға зияткерлік, мотивациялық, эмоционалды-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру болып табылады.

Сабақтар  «онлайн» және  «офлайн» форматта өткізілуі  мүмкін. Жұмыстың негізгі бағыттары:

1.Сөйлеу тілін және қол мен саусақтардың ұсақ  моторикасын дамыту.

  1. Математика негіздері  түсініктерін дамыту.

3.Танымдық процестерді  (ойлау, зейін, есте сақтау) және шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Оқу мерзімі 1 айдан 2 айға дейін. Балаларды қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің) білім беру ұйымының басшысына   жазған өтініші бойынша және  медициналық қорытынды (медициналық анықтама) негізінде жүзеге асырылады.

«Балақайлар мектебінде» оқыту педагогтің баланы дамытуға бағытталған оқыту технологияларын, құралдарды, әдістерді педагогикалық негізде таңдауына құрылады.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының  www.rc-dd.kz сайтының «Әдістемелік материалдар» бөлімінде «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру әдістемелік ұсынымдары»  орналастырылған. Әдістемелік ұсынымдар мектепке дейінгі ұйымдардың, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарының педагогтеріне, сондай-ақ ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді.

 «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық  орталығы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.