Home » Мақалалар » «Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі»

«Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі»

Кусаинова Дана Кенжетаевна

  • Білім беру салалары:Коммуникация.
  • Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту.Көркем әдебиет
  • Тақырыбы: «Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі»
  • Мақсаты:Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту.
  • Міндеттері:
  • Тапсырма беру арқылы балалардың сөздік қорларын байыту,ойлау қабілеттерін арттыру..Ертегі арқылы жабайы аңдардың атауларын және олардың немен қоректенуі туралы түсініктерін молайту.Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа, шапшаңдыққа үйрету.Жабайы аңдарға деген сүйіспеншілікке, қамқор бола білуге тәрбиелеу.
  • Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:Әңгімелеу, түсіндіру.мульт сериалын көрсету,жұмбақ шешу.тақпақ жаттату.
  • Қолданатын көрнекіліктер: Қыс мезгілі туралы суреттер слайд, аю,түлкі,қасқыр,қоян ойыншықтары.аңдардың дауысы ,дыбыстар боран,қардың аяқ басысы,
  • Билингвальды компонент:.Қыс-зима,орман-лес.
  • Шаттық шеңбері.
  • Қайырлы күн!
  • Ормандар мен далалар.
  • Қайырлы күн!
  • Достасқан біз балалар.
  • Қайырлы күн!
  • Бізге келген қонақтар
  • Слайд бойынша кіріспе әңгіме:
  • Балалар бұл ертегі қалай аталады?(бауырсақ)

Бауырсақ ,бізден көмек сұрап келіпті.Көңіл-күйін қараңдаршы? Тапсырманы дұрыс орындасақ аңдар бауырсақты босатады екен.

1-тапсырма. Коянның тапсырмасы:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі ?

-Дұрыс. Қыс.

— Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?

— Қыс – суық, аязды болады, қар жауады, қырау тұрды ағаштарда .

— Балалар, жануарларды қыстың қатты суық, аязынан не қорғайды?(Терісі)

Дұрыс. Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан, кейбір жануарлар қыста түсін өзгертеді, жылы тон киеді. Кейбірлері қысқы ұйқыға кетеді. Осы кейбір жануарлар туралы біздің бүгінгі сабағымыз.

2-тапсырма.Қасқырдың тапсырмасы:

Қасқыр қандай аң?

(Жыртқыш,жабайы аң, тістері өткір)

Енді жабайы андардың баласы бар,қалай атайды екен?

  • Қоянның – көжек
  • Аю – қонжық
  • Қасқырдың бөлтірік
  • Түлкінің баласы-мыршай деп аталады

Өте жақсы балалар

Сергіту сәті

Апельсинді бөлейік

жете ме екен көрейік

мынау бөлік тұлкіге

мынау бөлік қоянға

мынау бөлік күшікке

мынау бөлік аюға

Ал, қабығы қасқырға

Ашуланды ол бізге

Қашып кеттік біз үйге!

  • 3-тапсырма.Аюдың тапырмасы:
  • Қыс мезгілінде ұзақ ұйқыға кететін қандай жануар?
  • Аю қыста апанында ұйықтайды,қонжықтарыда қасында болады.
  • Осы аңдар қайда мекендейді! Қалай ойлайсыңдар?
  • Дұрыс ,орманда
  • Үй жануарлары қайда мекен етеді?
  • Үй жануарларын адамдар ,қолда ұстайды.
  • Тіл ұстарту жаттығуы:
  • Ю-ю-ю,
  • Қорбаңдайды аю
  • Кі-кі-кі,
  • Айлакер қу түлкі
  • Ян-ян-ян ,
  • Қорқақ қоян
  • Тан-тан-тан,
  • Аң патшасы арыстан.
  • 4-тапсырма.
  • Қандай аң қыста тонын ауыстырады?
  • Қай аң қыста немен көректенеді?(дидактикалық ойын)
  • Түлкі-етпен қоректенеді,майда жануарлармен қоректенеді
  • Қасқыр –етпен,яғни бұғы, қоян т.б жануарлармен көректенеді
  • Аю қыста ұйықтайды.Балды жақсы көреді
  • Қоян –ағаштардың қабығын,сәбіз,орамжапырақ жейді
  • жарайсындар,балалар.

Міне, балалар, біз аңдардың барлық тапсырмаларын орындадық.

Бауырсақтың  көңіл-күйі қандай?(қуанып тұр)

Сендерге рахмет айтып тұр.

Рефлексия; Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Балалар біздер қандай тапсырма орындадық?

-Балалар ,біз осы жабай аңдарды қорғауымыз керек.Өйткені олар біздің орманымыздың байлығы.

Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар сендерге сыйлығым бар.

-Мадақтау. Сау болыңыздар.!

  • Күтілетін нәтиже:
  • Біледі: Қыс мезгілі туралы және жабайы аңдар туралы түсіне білді.
  • Игерді: Балалар жабайы аңдардың немен қоректенетінін игерді.
  • Меңгереді: ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.