Home » Мақалалар » «Қыс тынысы – 2021» сайысы

«Қыс тынысы – 2021» сайысы

Рахимбаева Саулегул
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№18 «Аяжан» балабақшасы

«Қыс тынысы – 2021» сайысы

Табиғаттың әр мезгілі ерекше ғой, шіркін! Әр мезгілдің өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені болады. Соның ішінде қыс маусымы да өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Бұндай табиғи ғажайып қысты ең қызықты, қуанышты мезгілге айналдырады. Балалар бұл мезгілде  табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Қыс мезгілінде

№18 «Аяжан» балабақшамызда  қардан мүсін жасау дәстүрге айналып кетті. 8-12 ақпан аралығында «Қыс тынысы – 2021» атты сайыс ұйымдастырдық. Осы ұйымдастырылған сайыс жалғаса отырып, Республикалық ғылым мен білімді «Тіл, өнер & білім» орталығында өтіп жатқан «Қыс тынысы – 2021» атты байқауына қатыса отырып, ұжымымыз Бас жүлде, I-дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Бұл шараның басты мақсаты – педагог – ата-ана – бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың қиялы арқылы еңбексүйгіштікке баулу, командамен жұмыс жасап шығармашылықтарын шыңдау,  салауатты өмір салтын насихаттау.

Қардан, мұздан жасалған әр түрлі мүсіндер айналаны әдемі қиялға, ғажайып бір ертегі әлеміне көз шалғандай әсер етеді.

Бұл іс-шараға барлық ұжым қызметкерлерімен қатар барлық топтың ата-аналары мен балалары қызығушылықпен, ізденімпаздықпен атсалысты. Ата-аналар мен балабақша педагогтары өз шеберліктерін көрсете отырып, тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлады.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.